“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Балабаева Айнур Айтжановна


Балабаева Айнур Айтжановна – техника ғылымдарының магистрі, «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.

Білімі:

2012 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті атындағы Гуманимтарлы-техникалық колледжінде «Қара металдар металлургиясы» мамандығын оқып, техник-металлург біліктілігін алып шықты.

2015 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде 5В071000-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығын оқып, техника және технология бакалавр біліктілігін алып шықты.

2017 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде 6М071000-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша магистратурада білім алып, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

2018 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде 5В050800-Есеп және аудит мамандығын оқып, экономика және бизнес бакалавр біліктілігін алып шықты.

Еңбек жолы:

2015 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде қабылдау комиссиясында хатшы қызметінде еңбек жолын бастады.

2015-2017 жылдары Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде орта деңгейдегі шебер қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.