“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ахметова Гульжайнат Есенжоловна


Ахметова Гульжайнат Есенжоловна – 6N0710 «Материалтану және жаңа материалдар технология» мамандығының магистрі, «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы

Білімі:
2003-2008 г.г. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінді 240240 – «Металтану және металдарды термиялық өңдеу» мамандығын үздік дипломмен бітіріп, инженер біліктілігін алып шықты;
2008-2010 г.г. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде білім алып, 6N0710 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша магистратурада білім алып, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды;
2015-2018 г.г. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша докторантура білім алды.

Еңбек жолы:

2009-2010 ж.ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жанындағы гуманитарлық-техникалық колледж, оқытушы

2010-2013 ж.ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, «Металлургия және материалтану» кафедрасынің ассистенті

2014-2015 ж.ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жанындағы «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік бейіндегі зертханасының жоғары санатты инженері

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 9 жыл. Негізгі ғылыми бағыты – болат пен кешенді ферроқорытпалардың құрылымын металлографиялық бағалау, бақылау және өлшеу, мұнай-газ құбырлары мен конструкциялық материалдардың сапасын бақылауда ақпараттық технологиялар.

Қазақстан мен Ресей Федерациясының халықаралық конференцияларында баяндамалар жасады. 20-дан астам ғылыми мақалалар жариялады, соның ішінде Scopus деректер базасына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар.

Марапаттар мен алғыстар:

2018 ж. IX-ші Еуразиялық ғылыми-практикалық конференцияда “Біртекті емес құрылымдардың беріктігі” диссертация тақырыбындағы үздік баяндамасы дипломмен және алтын медальмен марапатталды. ПРОСТ

2018 НИТУ “БжҚМИ” (Ресей, Мәскеу, 2018)