“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


IAAR Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингінің – 2021 нәтижелерін ұсынды

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингінің – 2021 нәтижелерін ұсынды.

Жоғары оқу орнының бәсекелік артықшылығының маңызды факторы оның білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтардағы беделі болып табылады.

Рейтинг – бұл университеттердің танымалдылық дәрежесі, мүдделі тараптардың сенімі және әлемдік білім беру кеңістігінің жаһандық дамуы аясында жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының тиімділігінің көрсеткіші.

Қарағанды индустриялық университеті тағы бір рет Ұлттық рейтингтегі 15 орынды иеленіп, тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) өткізген Қазақстан Республикасының ТОП-20 университеттерінің Бас рейтингіне енді.

Бакалавриаттың білімдік бағдарламаларының тобында:

В069 Материалдар өндірісі (МҚӨТ) – 1 орын

B 071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды қазу (Металлургия) – 4 орын

В062 Материалтану және технологиялар (МжЖМТ) – 4 орын

В064 Механика және металл өңдеу (Машинажасау және ТМЖ) – 5 орын

Магистратураның білімдік бағдарламаларының тобында:

М101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 3 орын

М103 Механика және металл өңдеу (Машинажасау) – 5 орын

M117 Металлургиялық инженерия (Металлургия) – 5 орын

M124 Құрылыс (Құрылыс) – 5 орын.

Докторантураның білімдік бағдарламаларының тобында:

D108 Наноматериалдар және нанотехнологиялар – 1 орын.

Ұлттық рейтинг университеттерге қоғамды ақпараттандыруға, өздерінің білім беру бағдарламаларын ілгерілетуге, студенттерді көптеп тартуға, ең бастысы, білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

IAAP рейтингінің нәтижелері туралы толық ақпаратты https://iaar.agency/rating сайтынан білуге болады.

15.06.2021, 14:56:12, Ольга Пак, көшу → Тараулар: Жаңалықтар