“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Экологияга – ерекше көңіл

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетинде V Халықаралық “Ұрпақтан кейінгі жасыл көпір” атты студенттік форум өтті, форум алға бастап келе жатқан ҚР Президентті Н.Назарбаевтың “XXI ғасырдың тұрақты дамуындағы әлемдік энергоэкологиялық стратегиясы”  және  “Жасыл көпірге” арналған. Қарағанды Мемлекеттік Индустриялдық университетінің бірінші курс студенті Сүндет Тұрсынбек “жасыл экономиканың біліммен байланысуымен өндіріс және ғылым саласына өту” секциясында лайықты 3 орынға ие болды.

 


Үздік батыр ҚМИУ-да оқиды

Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіске 71 жылына арналған, 6 мамыр күні тарихи – мәдениет орталығында “Батыр – 2016” байқауы өтті.Бұл байқауда колледж және ЖОО студенттері қатысты. Бас жүлдені ҚМИУ студенті Нұрғазы Абзалбек жеңіп алды.Бірінші орынды Батыр- 2016 байқауында медициналық колледж  студенті Қамбар Ермағанбетов жеңіп алды, екінші орынды, бірдей ұпай жинап, техникалық колледж студенті Жандос Әкім және индустриялды-техникалық колледж студенті Максим Николаев бөлісіп алды.

 

11.05.2016, 14:14:51, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Тәуелсіздікке 25-жыл: Қазақстанның даму жолы – тұрақтылық негізі және гүлденуі

Изображение 590 Изображение 070

(Translated by Kastruba Leonid, AiU-15)

ҚР-ның белгілі мемлекет қайраткері,  мемлекет басшысы, саяси ғылымдарының докторы Төлеутай Сүлейменов жұмыс сапарымен Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде (КГИУ) болды.ҚР-ның Тәуелсіздігігің 25- жылдық мерейтойлық іс-шара  аясында,  , ол студенттер  алдында сөз сөйледі және оқытушылармен дәріс оқыды, 25 -жыл тәуелсіздік; даму жолы- тұрақтылық негізі және гулденуі аясында.Төлеутай Сүлейменов – бірінші ҚР-ның сыртқы істер министрі, дипломат, ҚР-ның және бірқатар елдердің төтенше және өкілетті  елшісі . Сонау 90-шы жылдары  біздің еліміз  үшін  ең  күрделі әлемдік державалармен халықаралық қатынасты орнату болды  . Тұрақты  дипломатиялық тәжірибесі бар , Сүлейменов бұл бағытта белсенді және жемісті еңбек етті.Қиындықтардың  қалыптасуы туралы, жас мемлекет туралы, оны дамытудың маңыздылығы туралы,  Қазақстан тарихы туралы, тәуелсіздік – бұл ең басты сый, деді Т. Сүлейменов  КГИУ студенттеріне және оқытушыларына   қоғамдық-саяси өмірге  белсенді қатысуға және барлық көшбасшыларға оқуға жан-жақты дамуға көп көңіл бөлу керек екенін айтты.


Жеңіспен құттықтаймыз!

22 сәуір күні Қазақ тұтынушылар одағының ҚЭУ –де өткен «Қазіргі қоғамның болашағы жастар көзімен: дамудың құқықтық, қаржы-экономикалық және мәдени-адамгершілік аспектілері»  атты студенттер мен магистранттардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының  «Қоғам дамуының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблема-лары» секциясында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті Экономика факультетінің студенттері Дарья Корепанова мен Ульяна Шарафутдинова  1 орынды жеңіп алды.

Конференцияға Қазақстан  мен Ресейдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ң  студенттері қатысты. Жұмыс Қазақстанның қазіргі дамуының өзекті  мәселелерін қарастырған 21 секция бойынша жүргізілді.

КГИУ «УиА-14»оқу тобының студенттері Дарья Корепанова и Ульяна Шарафутдинова «Қоғам дамуының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалары» секциясының белсене қатысты. Олардың «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының дамуына әсер ететін факторларды зерттеу» тақырыбындағы баяндамалары пікірталасты қыздыра түсті.

Жобаны дайындауға «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Л. Чепелян  жетекшілік жасады және ол кафедра меңгерушісі доцент О.Силаева тарапынан қолдау тапты.

ҚМИУ ректоры Марат Ибатов студенттерді құттықтап, оларға диплом және университет төсбелгісін табыстады, болашақта оқуда және қоғамдық жұмыстарда табысты болуына  тілектестік білдірді.


МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры  Юрий Иванович Шишкин жуырда ғана ҚМИУ басшылығы мен әріптестерінің атынан 75 жылдығына орай құттықтауды қабылдады.

Ол 1941 жылы Волгоград обылысында дүниеге келген, сонда мектепті алтын медальмен аяқтаған. Қарағанды политехникалық институтының «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша білім алғаннан кейін, алдымен Бардин ат. ЦНИИЧМ-ң Қазақстандағы филиалында (қазіргі Ж.Әбішев ХМИ), соңынан Қарағанды металлургиялық комбинатында шихтаның аға мөлшерлегіші, балқытушы, аға балқытушы, ауысым бастығы, дистрибутор машинисі қызметтерін атқарды.  В.И.Ленин атындағы 100 жылдық  мерейтойлық медальмен марапатталған.

1974 – 1978 жылдар аралығында Юрий Иванович Шишкин Мәскеу құрыш және қорытпа институтының аспирантурасында оқыды, оны аяқтағаннан соң оған «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты атағы берілді.

Оның Карметкомбинаттың зауыт-ЖТОМ-на келіп, күні бүгінге дейін осында жұмыс жасап жатқанына 38 жыл болды. 1987 жылы оған доцент ғылыми атағы берілді.

Юрий Иванович университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады, қала мен аудан мектептерінің түлектері арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жұргізеді, мемлекеттік бюджет және республикалық, халықаралық ғылыми-техникалық конференция жұмыстарына қатысады. Оның ықпалымен бірнеше зертханалар ашылып, лекциялық және тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік құралдар кешені дайындалған. Профессор 100-ден астам ғылыми еңбек жариялап, ISBN грифімен 5 оқу құралын жариялаған.

ҚМИУ баспасөз орталығы