“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Бакалаврдан PhD докторға дейін

ҚМИУ «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратура түлегі Галина Арбуз үш жыл бұрын Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетіне  (Алматы қ.) PhD- докторантураға жіберілді. Жақында ол «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертация қорғады.

Галина Арбуз 2012 ж. Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иелене «Химия» факультетін бітірді, содан кейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне магистратураға түсті. 2014 жылы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

2014 ж. қыркүйегінен 2017 ж. қыркүйегіне дейін Арбуз Г.С. Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің (Алматы қ.) «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Химия және химиялық технология» факультетінің PhD-докторантурасында оқыды. Докторлық диссертация жаңа тасымалдағыштар мен поливалентті металдарға негізделген синергетикалық әсерде түрлендірілген электродтар әзірлеуге арналған.

Галина Арбуздың зерттеулері болашақта жаңа неғұрлым тиімді композициялық материалдар алуға, оларды электрохимиялық сенсорларды өндірудің органикалық пен органикалық емес сипаттағы қосылыстары ретінде электрокаталикалық процестерді синтездеу үшін қолдануға бағытталған. Соңғы бағыт әлемдік ғылыми ортада әсіресе өзекті болып табылады, өйткені поливалентті металдар және олардың оксидтері бар наноматериалдар негізінде тиімді сенсорлық жүйе синтезі, өсімдік шикізатының сорбциялық материалдарына оларды тұрақтандыру арқылы үлкен экономикалық перспективалар ашады. Осындай сорбциялық материалдардың көздері өсімдік қалдықтары болып табылады, қалдықсыз технологияларды құру үрдісін ескере кешенді пайдаланылудың маңызы зор.

Осы жұмыста электродтық композитті материалдарды шикізат ретінде алу үшін және оның одан әрі модификациясы ретінде, жақсы сорбциялық қасиеттері бар Қазақстанның қалпына келтірілетін өсімдік шикізаты мен құны төмен, тиімді болып табылатын күріш қауызы таңдап алынды.

Диссертацияның ғылыми кеңесшілері х.ғ.д., проф. Дүйсек Қайсағалиұлы Қамысбаев (Әл-Фараби ат. ҚазҰУ) және проф. Фриц Шольц (Грайфсвальд университеті, Германия) сөз сөйледі.

Оқу барысында Галина Арбуз Германияның ең көне университеттерінің бірі – Грайфсвальд Университетінде бірлескен ғылыми зерттеулер бағдарламасын орындаумен екі шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Қорғау сәтіне дейін физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері Орталығында жұмыс істеді, онда мемлекеттік гранттық қаржыландыру шеңберінде түрлі ҒЗЖ қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Болашақ мамандық таңдауға бағытталған жұмыстар

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің өкілдері ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарының ұжымдарымен, сондай-ақ болашақ мамандықтарды таңдау бойынша облыс мектептерінің 9-шы және 11-ші сыныптар түлектерімен кездесулер өткізуді жалғастыруда.

«Металлургия және машинажасау» факультетінің деканы Д.К. Мусин және ҚМИУ жанындағы Техникалы-экономикалық колледж директорының орынбасары Т.Қ. Әкішев 23 ақпанда Шахтинск қ. барып, Технологиялық колледждің қызметкерлерімен және студенттерімен кездесті. Д.К.Мусин адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөле отырып, Президент Жолдауының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ, Шахтинск қ.  мектеп бітірушілерімен кездесулер өткізілді,  онда Д. К. Мусин мен Т. Қ. Әкішев университеттің және ҚМИУ жанындағы колледждің барлық мамандықтары, олардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы, сонымен қатар оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу салалары туралы айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Оқу үрдісі үшін сол немесе өзге мәдениет ерекшеліктерін ескеру өте маңызды

Қазақ, орыс және шет тілдер кафедрасының бастамасымен 23 ақпанда ҚМИУ-да өткен семинарда көптілді білім беру жағдайында оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін пайдалану туралы сөз болды.

Көптілділік көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Көп мәдениетті және көптілді білім берудің мақсаты – көпұлтты және көп мәдениетті ортада белсенді өмірге қабілетті адам қалыптастыру, басқа мәдениеттерге дамыған сезіммен түсіну мен құрметтеуді, түрлі ұлт, нәсіл мен діндердің адамдарымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүру қабілетін қалыптастыру болып табылады. Тұлғаның көп тілді сана-сезімін дамыту, бұл – сөйлеу, ойлау, ауызша және жазбаша қарым-қатынасты дамыту алгоритмі болып табылады.

Көптілді білім беру жағдайында тіл құзыреті мен оның дамуының маңыздылығы, сондай-ақ оқытудың заманауи әдістері мен технологиясы туралы «ҚОжШТ» кафедра меңгерушісі м.а., ф.ғ.к., доцент Нұрзия Әбдікәрім мемлекеттік тілде сөйледі.

Көптілді білім беру жағдайында күрделі тақырыптар ұсынғанда немесе, мысалы, ашық сабақ өткізу кезінде екі оқытушы ынтымақтастық мүмкіндігін ойлау керек. Жұптаса оқытуда сөзсіз артықшылықтар бар, – дейді Нұрзия Әбдікәрімқызы. – Екі оқытушы біреуге қарағанда көп біледі және бір-бірін толықтыра алады. Жұптаса оқыту оқуды көбінесе жанданған және алуан түрлі етеді. Екі оқытушы одан әрі іс-қимыл жоспарын  және сабақ барысы бойынша тікелей мүмкін өзгерістерді бірлесе талқылай алады.

Шақырылған жаттықтырушы профессор, «Болашақ»  Академиясы ЖММ шет тілдері және мәдениетаралық қарым-қатынас кафедрасының меңгерушісі Баян Ибраева болды, ол ағылшын тілінде мәдениетаралық құзыреттілік және оның элементтерін оқу үдерісіне енгізу туралы айтты.

– Әрбір сабақта, пәнге қарамастан мәдениетаралық қарым-қатынас элементтерін қолдану қазір өте танымал,- дейді Баян Мұқышқызы. – Менің мақсатым – әріптестерге оны қалай пайдалану керектігін және әртүрлі ұлт өкілдерінің бір-бірінен қалай ерекшеленетінін көрсету. Біз көп мәдениетті қоғамда өмір сүреміз. Сол немесе өзге мәдениет ерекшеліктерін ескеру – бұл оқу үрдісі үшін өте маңызды.

Біздің сайтқа берген сұхбатында қонақ еліміздің бірінші Президенті оқыған университетте болуды бұрыннан армандағанын мойындады. Сондықтан «ҚОжШТ» кафедрасының шақыруына дереу келісе жауап бердім.

– Сонымен қатар, осы кафедрада «Болашақ» академиясының түлектерінің бірі Гүлмира Омарова жұмыс істейді. Бұл бастаманы ол бастады, әрине, мен қолдадым, өйткені бізге, шет тілдерін оқытушыларға қазір қарым-қатынас, сөйлесуіміз қажет, – дейді әрі қарай Баян Мұқышқызы. Ғылым, білім, оқыту әдістемесі қазір тез алға жылжуда, ал сіздің жоо – бүкіл жер шарының алдында. Біріншіден, ҚМИУ жетекші университеттердің бірі; екіншіден, сіздерде өте үлкен көптілді кафедра. Сіздерде бізге айтар нәрсе, ал бізде – сіздермен бөлісетін нәрсе бар.

Баян Ибраева Нұрзия Әбдікәрімнің дәрістерді өткізудің жаңа формалары туралы сөйлегені өте қызықты және маңызды екендігін атап өтті. Бұл тақырыпты тәжірибені өзара байытуға, оқытушылардың кәсібилігін арттыруға және оқушылардың қызығушылығын арттыруға әкелетін әрі қарай ынтымақтастықтың негізі ретінде батыл түрде алуға болады.

– Мен сіздердің университеттеріңіздің қабырғасында болғаныма және менің бүгін көрген және естігендеріме өте ризамын, – деп қорытындылады профессор. – Әріптестер сауатты, жақсы оқыған, дайындалған, өте жауапты және белсенді түрде қатысты. Жасалған жағдайға және өте қызықты аудитория үшін үлкен рахмет.

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚМИУ-дің 5 студенті білім гранттарына ие болды

2017-2018 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде жоғары білім алу үрдісінде босатылған бос білім гранттары бұрын ақылы негізде оқитын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің бірнеше студентіне тағайындалды.

Бос білім грантын иеленушілер: Ақерке Нурланова және Жібек Абуова («Автоматтандыру және басқару-16к» тобы), Мақпал Берденбаева («Машина жасау-15к-2» тобы), Рамазан Мамыров («Электроэнергетика-16к» тобы) және Аян Шерметов («Құрылыс-16к» тобы).

Бұл маңызды іс-шарамен, тегін оқитын студенттерді ҚМИУ ректоры Б.А.Жәутіков құттықтады.

– Мен ҚМИУ-ға жақсы маман болу үшін түстім. Маған грант тағайындалғанын білгендегі көңіл-күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, соншалықты қуандым – дейді Жібек Абуова. – Біздің университетіміздің басшылығына өте ризамын. Сенімін ақтауға тырысамын.

– Біздің мемлекет Басшысы бітірген университетте оқитынымды мақтан тұтамын деп, – әңгімеге Рамазан Мамыров қосылады. – Әрине, мен грантқа ие болғаныма қуаныштымын және университет ректоры өзі бізді құттықтады – бұл үлкен абырой.

– ҚМИУ-да оқу – бұл мейірбан студенттер, қайырымды оқытушылар, қамқор декандар мен олардың орынбасарлары. Мұнда оқу – бәрі бір-бірін жақсы біледі және бір үлкен бақытты отбасы өмір сүреді, – дейді Ақерке Нурланова. – Гранттың берілгені туралы білген сәттегі менің эмоцияларымды сөздермен жеткізе алмаймын. Қуанышымда шек жоқ! Енді мен одан да көп тырысамын.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


ҚМИУ оқытушыларының оқу құралдары

28 ақпанда бас ғимараттың холында «Жаңа оқу-әдістемелік әдебиеттер» тақырыбында кітап көрмесі өтеді. Бірінші қабатта, кіреберістен алыс емес жерде, сағат 11-ден 13-ке дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары авторы болған оқу құралдарымен танысуға болады.

Ұсынылған әдебиеттердің арасында әртүрлі ғылыми және әдістемелік құралдардың елуден астам данасы бар. Оның ішінде – «Шойын өндірудің теориясы және технологиясы» (авторлары – О. Артыкбаев, Е. Харченко, Т.Егорова), «Интенсификация доменной плавки» (А. Торговец, И. Пикалова, Ю.Юсупова), «Соғу технологиясы» (Б.Быхин, С.Айнабекова, М.Абишкенов), «Системы управления в машиностроении» (И. Кузьминов, О. Кривцова), «Оценка ювелирных изделий» (О. Силаева), «Проектирование базы данных» (А.Чванова) және басқа да көптеген. Оқу-құралдары бойынша жұмыс 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі мерзімде авторлармен аяқталды.

– Көптеген көрнекілік материалдар жиналғаннан кейін өзім әзірлеген “Металлургия өндірісін автоматтандыру” пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар,  “Металлургия” мамандығының студенттері үшін оқу үрдісінде қолданылатын болады, – дейді “ЭАжЕТ” кафедра меңгерушісі м.а. Олеся Ющенко. – Жұмыс барысы оңай болды, себебі ақпарат жиналғандықтан және бір жыл емес жүйеленді.

ҚМИУ барлық оқытушылары мен студенттерін көрмеге шақырамыз.

ҚМИУ баспасөз қызметі

23.02.2018, 14:30:24, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар