“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Адамның құқығы және бостандығы – ең жоғарғы құндылық»

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің үшінші курс студенті Арайлым Смайл Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған республикалық эссе байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Байқау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Бірінші Президент Қорымен бірге студенттер және оқушылар арасында ұйымдастырылған. ҚМИУ өкілдері осы байқауға белсене қатысты, ал «Электрэнергетика-15қ» тобының студенті Арайлым Смайл үздік қатысушының бірі ретінде танылды.

Байқау қашықтықта өткізілді. Арайлым қазақ тілінде жазылған «Адамның құқығы және бостандығы – ең жоғарғы құндылық» атты эссесін жіберді. Эссені жазу барысында ол ғаламтордағы материалдарды пайдаланбай өзінің пікірін жазғанын мақтанышпен айтады.

– Адамның құқық бұзу кезіндегі жауапкершілік оның өзіне тікелей жүктеледі, өйткені ол өзі тұратын елдік Заңдарын білмеуіне қатысты туындайды – дейді Арайлым. – Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясын жетік білетін адамдар басқа адамдарға көмектесулері қажет. Ол үшін адам құқығын қорғауға және еліміздің Заңдарына арналған түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қажет, бұл азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде латын графикасын қолданумен дағдылану диктанты өткізілді

Барлық тілек білдірушілер Қарағанды облысында бірінші рет өткізілген дағдылану диктантына қатысты. 27 сәуір күні университеттің үлкен дәрісханааларының бірінде жаңа шрифті қолдану бойынша білімдерін тексеруге арналған әртүрлі жастағы, әртүрлі ұлт өкілдері және шамамен үш жүз адам қатысқан іс-шара өткізілді.

Диктант «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының бастамасымен және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (ҚМИУ) басшылығының қолдауымен «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшу» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың мақсаты –  теміртаулықтарға латын графикасына көшу қиын еместігін және оның қолайлығын түсіндіру. Бұл үлгілік диктант жазу іс-шарасы жаңа шрифтке көңіл аудару үшін ұйымдастырылды. Іс-шара алдында барлық қатысушыларға латын әріптері жазылған жаңа қазақ шрифтері жазылған парақтар таратылды.

Қалалық мектептер және колледждер, әртүрлі ұйымдар өкілдері, соынмен қатар ҚМИУ студенттері, қызметкерлері, оқытушылары – барлығы жаңа іс-шараның алдында біртүрлі қобалжу сезімінде болды. Диктантты жазу алдында қатысушылар бірқатар жазылу, айтылу, оқылу дағдысына қатысты  жаттығуларды жасады. Осы жаттығуларға белсене қатысқан қатысушылар тәтті сыйлықтар алды. Содан кейін ҚМИУ жоспарланған іс-шараны өткізу басталды.

Диктант мәтіні ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласындағы түйінді сөздер қолданылды.

Біздің университет – бұл Бірінші Презаиденттің Альма-матері – дейді ҚМИУ ректоры Бахыт Жаутиков. – біз барлық бастамаларды, оның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін толығымен қолдаймыз. Біз үшін өте маңызды, өйткені студенттер әлемдік білімдік кеңестікке шығуға, кез келген елде және кез келген жағдайға бейімделуге дайын болу керек. Бұл бастама өзекті және дер кезінде жүзеге асырылып жатыр және барлығына пайдалы.

Дағдылану диктантына қатысушылардың бірі «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Анастасия Мезенцева.

– Бұл мен үшін маңызды. Жаһандық, біздің елімізде болып жатқан  өзгерістерге қатысқым келеді, сондықтан латын графикасын қолданумен қазақ тілінде диктант жазуға қатысамын – дейді ол. – Уақыт жақындаған сайын толқу үстіндемін, бірақта диктантты аяғына дейін жазып шығамын деп өзіме сенімдімін.

Диктант мәтіні 115 сөзден құралған. Диктантты «Қазақ, орыс және шетел тілдер»» кафедрасының аға оқытушысы Жания Капашева оқыды. Барлық қатысушылар диктантты бірдей жазбады, бірақта бұл «бірінші үлгілік сынақ» сондықтан әлі әрі қарай машықтануды қажет етеді.

– Маған қосымша латын белгілерін қолдану және «ц» әрпін жазу қиындық тудырды. Білмеймін қалай жазғанымды, бірақта бұл жағдайда «т» және «с» әріптерін жаздым – деді Анастасия Мезенцева. – Сонымен қатар мен «ю» және «я» әріптерін қалай жазу керектігін білмедім, сондықтан «й» және «у» сонымен бірге «й» және «а» әріптерін жаздым.

Ұйымдастырушылар хабарлағанындай, диктант нәтижелері әрі қарай тілдер жөніндегі комиссияға ұсыныс және қортындылар жазу барысында пайдаланылады.

– Бұл атқарылған жұмыс үлкен резонанс тудырады және біздің елімізге үлкен пайда әкеледі – дейді Бахыт Жаутиков. – Егер де осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылған жағдайда латын графикасына көшу жеңіл болады. Бұл осындай бағыттағы соңғы іс-шара емес – күзде барлық Қарағанды облысының тұрғындарын тартумен екінші диктантты жазуға арналған іс-шараны тағы да ұйымдастырмыз деген жоспар бар. Сонымен  қатар болашақта қазақ тілінің латын графикасын үйретуге арналған курстарда ұйымдастырылуы мүмкін – барлығы сұранысқа байланысты.

Диктант қортындыларын ұйымдастырушылар 1 мамыр мерекесінен кейін жариялайды. Жұмыстарды ҚМИУ жетекші филология мамандарды және қала оқытушылары  тексереді, сонымен қатар мониторингті жүзеге асыратын топ құрылды, бұл топ әрбір әріпті мұқият тексереді. Үздік жұмыстар ескерткіш сыйлықтар және грамоталармен марапатталады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


С. А. Назарбаеваға халықаралық ізгілікті педагогика қозғалысының «Рух батыры» деген Құрметті атағы берілді


Теміртаулықтарды латын графикасын қолданумен қазақ тілінде жаттығу диктантын жазуға шақырамыз

Барлық ниет білдірушілерді 27 сәуір күні сағат 15.00 Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің бас коропусының №313 дәрісханасына шақырамыз.

Диктант «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының бастамасымен «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшу» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында  ұйымдастырылады.

Жас мөлшері шектеусіз.Жазылу және анықтама телефондары 8 707 830 16 48, WhatsApp +7 708 236 98 78 не ҚМИУ жаңа корпус, №408 бөлме.

 

 


Тіл шебері

М-16қ тобының студенті Әсемай Пушанова облыстық «Тiлдарын» байқауында екінші орынды, ал ҚМИУ командасы Қарағанды қаласында өткен өңірлік көптілді олимпиадада үшінші орынды жеңіп алды.

Әсемай Пушанова облыстық «Тiлдарын» байқауына ҚМИУ өткен қалалық байқаудың жеңілпазы ретінде қатысты. Бұл байқауда қатысушылар өздерінің үш тілді игеру деңгейін көрсетті. Ол үшін берілген тақырып бойынша эссе жазу, мәтіндерді синхронды аудару және тақырыпты толығымен ашуға арналған тапсырмаларды орындады. Облыстық «Тiлдарын» байқауының кезеңдері қалалық байқау кезеңдеріне ұқаса өткізілді. Байқау мақсаты – үш тілді жетік игерген оқушыларға қолдау көрсету, тіларалық мәдениетті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, бәсекелестікке қабілетті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. ҚМИУ өкілі берілген байқау  тапсырмаларын табысты орындап, екінші орынды жеңіп алды.

Ал, ҚМИУ студенттері Анель Жумабекова (МҚӨТ-1қк-4), Нурислам Сарсен (М-16қ), Жанкельды Аманкельды (МҚӨТ-16қ) және Нурасыл Тарасов (ТМЖ-17қ) Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде ұйымдастырылған  өңірлік көптілді олимпиадаға қатысты. Студенттерді олимпадаға дайындаған оқытушылар: Дана Ыбрай және Наталья Кан.

Олимпиада жоғарғы оқу орындарының тілдік емес факультеттерінің 1-2 курсының үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) игерген студенттері арасында өткізілді. Олимпиада бес кезең бойынша өткізілді. Үй тапсырмасы бойынша кез келген үш тілдің бірінде тұсаукесерді ұсыну қажет болды, бұл кезеңде үштілді оқытудың идеалды бағдарламасы, миссиясы, мақсаты және міндеттері ұсынылды. Екінші кезеңде студенттер «Geoprady» ойынына қатысты, ал келесі кезеңде үш тілде әріп бойынша сөздерді айту сайысы өткізілді, ал төртінші кезеңге – команда капитандары қатысты, соңғы кезеңде ұсынылған тақырып бойынша импровизирленген көрініс ұсынылды. Олимпиада нәтижелері бойынша ҚМИУ командасы үшінші орынды иеленді. Олимпиада көшбасшысы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы, екінші орынды Қарағанды Экономика университетінің командасы жеңіп алды. Барлық жеңілпаздар сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі