Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
Қазақстанның астанасы Астана қ. 17-19 мамыр аралығында Global Challenges Summit («Жаһандық шақырулар саммиті») ХI Астаналық экономикалық форумы өтті. Осы жылы формуда дүниежүзілік бетбұрыс: экономикалық даму және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру, және уранизация, ұзақмерзімділік және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдениетті ығысуға қатысты мәселелер негіз болды.
Форумға 500 спикерлер және 111 елден 5000 қатысушы қатысты. Спикерлер арасында – БҰҰ сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун, Apple негізін қалаушы Стив Возняк, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, инфроқұрылымды инвестициялық Азия банкінің директоры Цзинь Лицюнь және т.б. қатысты.
Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ашты:
– Биылғы форум жаһандық шақыруларға тиімді жауап іздеуге бағытталған. Бүгін тарихи уақытта шексіз тығыздылық басымдылық алды. Әлем жылдам өзгеруде, адамзат кезекті жол таңдау алдында тұр. Осы таңдау қайда бетбұрады, соған адамзаттың тағдыры тәуелді: даму не тоқырау кезеңі – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев планетаның дамуына қатысты бес негізгі бағытты айқындады: адамның барлық іс-әрекетін цифрландыру, таза энергия жағына әлемдік энергетикалық революция қозғалысын бағыттау, планетадағы адам санының жылдам көбеюі, урбанизация темпі және сипатының өзгеруі, еңбек нарығының жаһанды трансформациялануы.
Форум экономикалық идеялар және практиканы байланыстыратын халықаралық алаң ретінде қалыптасты. 10 жыл ішінде осы іс-шараға 150 астам елдің елу мың делегаты қатысты. Форумның тиімділігі – әлемде және елдегі экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыруға арналған жаңа идеялармен алмасу және халықаралық инвесторларды тарту.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Ғаламтор материалдары қолданылған
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің кітапханасына 17 мамыр күні «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» бағдарламасының шеңберінде қазақ тіліне аударылған 1485 дана кітап жеткізілді.
Кітаптар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық ұйымы аударған. Оқулықтар мемлекетік қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде аударылған және басылған. «100 жаңа оқулықтар» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісінде ақаратын рөлі маңызды.
– Жастар жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алулары керек – деп атап өтті ҚР Президенті Н.Назарбаев ағымды жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен тұсаукесер шарасында. – Ғылыми таным – қазіргі кездегі ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты. Жаңа оқулықтар – бұл нағыз білім энциклопедиясы. Қазіргі таңда тек ғана білім әдістемесі ғана емес, сонымен бірге оның мазмұныда маңызды. Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлтты оқытуды бес жыл ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлемдік практикада осындай кешенді бағдарламаны жүзеге асыруға арналған мысалдар көп емес. Жаңа оқулықтар – бұл эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Ол үш форматта барлық адамдарға қолжетімді: әдеттегі қағаз түрінде, электронды онлайн-нұсқалар және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің бейнежиынтығы форматында. Шетелде тұратын біздің жастар кітаптар латын графикасында басылып шыққан кезде оқуға мүмкіндік алады.
Қазақ тіліне аударылған кітаптар арасында – АҚШ, Ресей, Франция, Швейцария және Ұлыбритания елдерінің үздік интеллектуалды өнімдері. Аударма түпнұсқа тілден жасалған.
Аударылған және аударылып жатқан кітаптар тізімімен мына жерде танысуға болады: https://100kitap.kz/ru/books.
ҚМИУ баспасөз қызметі
16 мамыр күні Қарағанды индустриялық университетінде «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдарының қалыптасуының 20 жылдығына» атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.
ҚИУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры М.М. Салпенова және «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы М. Солтан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан істер жайлы баяндады.
Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т. Байгабатов студенттерге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заң талаптарын, сонымен бірге осы қызметтің қалыптасу және даму кезеңдерін жан-жақты түсіндірді.
Студенттер жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар шараларының тиімділіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жайлы пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.
ҚИУ баспасөз қызметі
Теміртаулық қыздар гимназиясының оқушылары журналист мамандығының қыр-сырын меңгеруге ұмтылды. Осы тақырыпқа арналған сынып сағатына кәсіби бағдар жұмысы шеңберінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің баспасөз хатшысы Светлана Егорова шақырылды.
Газет тілшісі және баспасөз-хатшысының жұмыстарына қатысты ортақ нәрселер көп. Сонымен бірге журналистер әртүрлі ұйымдар және кәсіпорындардың баспасөз қызметінде жұмыстарын ерте бастап кеш аяқтайды. Осыған қатысты мысал көп, соның бірі Светланы Егорованың еңбек жолы, ол көп жылдар бойы теміртаулық бұқаралық ақпараттар құралдарында еңбек етті.
Сонымен бірге кездесуге «Номина» газетінің редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Татьяна Войтенко да қатысты. Бір-бірін толықтырған қонақтар газет редакциясына қалай келгендерін, осы жұмыстың артықшылығы және кемшіліктері жайлы айтты. Кез келген журналистің өмірінде жиі кездесетін есте қалған небір қызық оқиғаларды еске түсірді.
Тыңдаушылар да қызығушылық танытты, гимназист қыздар «Қандай белгілі тұлғалармен кездестіңіз?», «Бірінші мақалаңыз не жайында жаздыңыз?», «Сіздің жұмысыңызда қауіпті жағдай болды ма?», «Егер журналист болмаған жағдайда қандай мамандықты таңдайтын едіңіз?» және т.б. өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды және жауап алды. Кездесу екі жақ үшін де қызықты өтті. Гимназия қонақтары бала кездерінен журналист болуды армандағандарын айтты, өздерінің осы мамандықты таңдағандарына өкінбейді, өздерін қоршаған адамдарға көмек көрсетуге, ал мақалаларды жүрек жылуымен жазу керек.
Полина Криворучко: «Маған кездесу өте ұнады. Қонақтарды тыңдау қызық болды. Мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастыру қажет».
Дарья Бетхер: «Біз бүгін журналист мамандығы жайлы көп мағұлматтарды білдік. Бұл ақпараттар болашақта қажет болуы мүмкін. Мұндай кездесулерді жиі ұйымдастыру керек. Осындай кездесулер бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау кезінде көмектеседі».
ҚМИУ баспасөз қызметі
|