Назар аударыңыз!
2018 жылы 18 және 26 шілде аралығында
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде
мемлекеттік білімдік гранты алуға арналған конкусқа
қатысу үшін құжаттар қабылданады.
Анықтама телефоны: 91-42-34.
Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → Назар аударыңыз!
2018 жылы 18 және 26 шілде аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде мемлекеттік білімдік гранты алуға арналған конкусқа қатысу үшін құжаттар қабылданады. Анықтама телефоны: 91-42-34. Назар аударыңыз!
2018 жылы 3-31 шілде аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде магистратура және докторантураға оқуға түсуге арналған құжаттар ҚМИУ мамандықтары бойынша қабылданады. Анықтама телефоны: 91-42-34.
Студенттер қатарынан – мелекеттік қызметкеМемлекеттік қызмет – мемлекетті басқарудың ең маңызды салаларының бірі, еліміздің қалыптасуы және дамуында ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет өзіне берілген өкілеттілік тұрғысынан барлық салада мемлекет саясатын жүзеге асыруға міндетті: экономика, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық, әлеуметтік сала. Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қызметтің дамуы және оның әрі қарай жетілуі биылғы Ұлттық баяндамада қарастырылған және Мемлекет басшысының назарына ұсынылған, мақұлданған. Ұлттық баяндамада еліміздің стратегиялық құжаттарын жүзеге асыру тұрғысынан мемлекеттік қызметтің даму кезеңдері сипатталған, осы жылдар ішінде мемлекеттік қызметтің жағдайы және оны әрі қарай дамытуға арналған механизмдерге талдау жасалған. Мемлекеттік аппараттың қалыптасуына мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттіктің құрылуы маңызды рөл атқарды. Сол кезде мемлекетті басқарудағы бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Осы мәселелерді шешуге көп күш жұмсалды. Жақын болашақта шешімін табуға қажетті мәселелер ішінде: бизнес-үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз ету және ақпараттық жүйені интеграциялау, смарт-технологияларды енгізу, бәсекеге қабілетті мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің мүмкіндіктерін арттыру. Сонымен бірге IT-технологиялар және тілдерді оқытумен елімізде мемлекеттік қызметкерлердің икемді дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған шараларды жүзеге асыру үшін жетекші халықаралық сарапшыларды тартумен оқыту бағдарламаларын енгізу жоспарланған. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге адами ресурстарды (HR-мамандар) басқару саласында мамандарды дайындау мәселесін жетілдіру жоспарланған. Бұл «құжатпен жұмыс жасаудан» «адамдармен жұмыс жасауға» өтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Альма-матері саналатын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (әрі қарай – ҚМИУ) қызметтің әртүрлі саласына арналған мамандарды дайындайды. Инженерлер, бағдарламашылар, менеджерлер, бухгалтерлер – олардың көбі жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін өздерінің еңбек жолдарын мемлекеттік қызметпен жалғастырады. Оқу үдерісінде оқытылатын пәндер тізімінде – мемлекеттік және жергілікті басқару, этика, корпоративті мәдениет, экономиканы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлікті ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп, IT-технология пәндері де оқытылады. Алған білімдері жоғары білікті маман болуға көмектеседі. ҚМИУ студенттері үшін жеке тұлға және кәсіби дамудың айқын үлгісі – Ұлт Көшбасшысының еңбек жолы, ол қарапайым жұмысшыдан еліміздің бірінші Президентіне дейінгі еңбек жолынан өтті, өзінің қажірлі еңбегімен Қазақстанды әлемдік жоғары деңгейге көтерді. ҚМИУ өзінің 55 жылдық тарихында білім алған жүздеген түлектер мемлекеттік қызметпен өмірлерін байланыстырды және қала әкімі, сонымен бірге қалалық және облыстық білім, құрылыс, эннергетика, жолаушылар көлігі басқармаларында еңбек етеді. Біздің университетіміздің түлегі Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының алғашқы Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының бірнеше шетелдердегі төтенше және толық өкілетті елшісі, дипломат. ҚМИУ түлектерінің арасында Теміртау қ. бірнеше әкімі, ІІД және қалалық ҰҚКД басшылары елінің мүддесіне қызмет еткен. Біздің көптеген түлектер тек ғана Қазақстанда ғана емес алыс және жақын шетелдерде мемлекеттік қызметте еңбек етеді. «Менеджмент» мамандығының студенттері «Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәнін оқумен, әрі қарай мемлекеттік басқарудың әкімшілікті, экономикалық, моралді-этикалық, әлеуметтік-саяси әдістерімен де танысады. ҚМИУ қабырғасында жастар экономикадағы нақты жағдайды талдаумен негізгі санаттар және түсініктердің теориялық негізін игереді. Студенттер алған білімдерін практикада қолдануға, шекті ойлау қабілеттерін дамытуға үйренеді. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқу кезінде біздің студенттер, отандық экономика жағдайында мемлекеттің экономикалық функциясы жайлы, ақша-несие жүйесін мемлекеттік реттеу әдістері, банк қызметінің нарықтық салалары, ауылшарушалық, әлеуметтік салалардағы қолданыстағы экономикалық жүйелер және экономикалық және экономикалық емес әртүрлі әдістерді зерделейді. ҚМИУ «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттер үшін «Есеп және мемлекеттік ұйымдардағы есептілік» пәні оқытылады. Бухгалтерлік есеп бюджетті орындау – шарушашылық есептің бірыңғай жүйесінің маңызды бір бөлігі, ол бюджеттің жұмсалуы және нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді береді, бюджеттің орындалуын қадағалаудың құралы ретінде – кірістердің түсуі, бюджеттің шығынды бөлігінің орындалуы және мақсатты қолданысы бойынша мемлекеттік қаржыны пайдалануды қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ҚМИУ мемлекеттік органдарға деген қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қатынастың жоғары деңгейін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметкердің этикаға сәйкес емес іс-әрекетінің алдын алуға бағытталған Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексін оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Университеттің оқытушылары және студенттері толығымен мемлекеттік қызметкердің азаматтармен қарым-қатынасы кезінде сыпайы және мәдениетті болу керек, ол өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға алынатындай іс әрекет жасамауы керек деген пікірді қолдайды. Біз біздің студенттер қаншалықты өздерінің мүмкіндіктерін мемлекеттік қызметте жұмыс жасаумен, осы мәселе бойынша қаншалықты құзыретті екендіктеріне көз жеткіздік. 2017 жылы қарашай айында ҚМИУ бірнеше өкілдері таңдау конкурсына қатысып, екі апталық тағылымдамадан өтті, бір күні олар Теміртау қалалық әкімдігінің қызметкерлері қатарында ерекше – «Жастардың дербес басқару күні» жобасына қатысты. Дублерлер қатарына қосылу үшін студенттер өздері жазған эссені ұсынды, эсседе мемлекеттік қызмет жайлы, өздерінің атқаратын жұмыстары туралы жазды және Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Президент жайлы» және «Мемлекеттік қызмет жайлы» Заңдар бойынша тест тапсырды. Дублер күнін өткізудегі мақсат – жастармен жұмыс жасауды жетілдіру, мемлекеттік қызметтің ағымды жұмысымен таныстыру, жоспарлау, іс қағаздары, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу негіздеріне оқыту. Қатысушылардың әрқайысы өзіне тән, өзінің мүмкіндіктерін сынау үшін мемлекеттік қызметті таңдады. Жастар өздері басшылық жасайтын бөлімдер жұмысымен танысты. Негізгі қиындық кеңауқымды жаңа ақпаратты игеру кезінде туындады. Ұзақ күн бойы студенттер мәжіліске қатысты, маңызды шешімдер қабылдады, әртүрлі нысандарды аралады және осы жұмыс қаншалықты күрделі, сонымен бірге мемлекеттік қызметтің қызықты екенін білді. ҚМИУ екінші курсының студенті болашақ металлург Нұрислам Сарсенов бір күнге Теміртау қаласының әкімі болды. Өзіне таңсық жаңа үдеріске дайындалуға университеттің оқытушылары саясат, экономика, жоспарлау стратегиясы бойынша қосымша мәліметтерді берумен көмектесті. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов дублері өзін осы лауазымды атқаруға лайықты екенін көрсетеді деп сенім білдірді. Әкім-дублер командасында оның орынбасарларының-дублерлері ретінде ҚМИУ басқа да студенттері болды. Тәжірибелі тәлімгерлердің көмегімен олар мәселені анықтаумен оны шешу жолдарын жылдам қарастыруды үйренді. Қала әкімі және оның орынбасарлары өздерінің дублерлеріне күні бойы кеңес берумен көмектесті. Ғалым Әшімов атап өткендей, дублер күні ҚМИУ студенттеріне тәжірибе жинауға, сонымен бірге осы жұмыстың жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік берді. Осы күннен кейін әрбір қатысушы өзінің еңбек жолын мемлекеттік қызметпен байланыстыруды шешті. Мемлекеттік қызмет және жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде тығыз байланыспен жүзеге асырылған басқа іс-шаралардан байқағанымыздай, бірінші өңірлік жастардың өзін-өзі басқару органдарының көшбасшыларының слеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласында өткізілді. Осы слетке қатысушылар арасында ҚМИУ Жастар ісі жөніндегі комитеттінің 10 белсенді мүшесі қатысты. Осы кездесулер атауы ісіне сай «Жастардың өзін-өздері басқаруы мемлекетпен өзара іс-қимылдар қатынасының құралы ретінде» деген атаумен ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде мемлекеттің жас белсенділермен арақатынасын, сонымен бірге пікір-талас алаңын қалыптастыру және жастардың өзін-өзі басқару органдарының жұмыс деңгейін арттыру көзделді. Студенттердің көшбасшылық қабілетін дамыту ҚМИУ тәрбие жұмысының негізін құрайтын фактор саналады. Жастар ісі жөніндегі комитет осы бағытта үлкен жұмыстарды әртүрлі семинар және тренингтерді ұйымдастыру және өткізумен жүзеге асырады. Үш жыл бойы белсенді студенттер республикалық көшбасшылар мектебінде білімдерін жетілдіреді және көшбасшылық қабілетті тәрбиелеуге бағытталған «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингке қатысып келеді. ҚМИУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастардың жаңаша ойлау санасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Азаматтық жауапкершілік, шығармашылық қабілеттілік, әлеуметтік бастамаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Слетке қатысушылар және ұйымдастырушылар атап өткендей, жастардың өзін-өзі басқаруы бұл ұжымдық іс-қимыл, ол әлеуметтік белсенділік және жеке жауапкершілікті қалыптастырады. Өзін-өзі басқару органдары жастардың бойында көшбасшылық қабілеттілікті дамытуға бағыттайды, сонымен болашақта оларға жоғары лауазымда қызмет жасауға көмектеседі. Мемлекет тарапынан жастардың белсенді азаматты және әлеуметтік ұстанымы, олардың бастамалары және дербестіктерін нығайту үшін барлық жағдай жасалған. Жастарға өзін-өзі басқару үдерісінің оң әсері жайлы Қарағанды қалалық маслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанұлы Бексұлтанов пікірін білдірді. Сонымен қатар ол жастарға үлгі ретінде Асхат Қанатұлы Аймағамбетов туралы айтты, Асхат Қанатұлы өзінің жоғары оқу орнында оқыған кезінде өзінің белсенділігімен көзге түсті, әрі қарай маслихаттың ең жас депутаты болып сайланды, ал казіргі уақытта ҚР білім және ғылым вице-министрі болып халқының мүддесі үшін еңбек етуде. Басқарудың тиімді жүйесі сыйбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық мүмкіндіктерінің алдын алады және азайтады, сыбайлас жемқорлықтың тиімсіз, болашағы жоқ екенін айқындаумен қоғам өмірінде мүлдем болмауына жағдай жасайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңдарына 2015 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің қол қоюы кездейсоқ жағдай емес. Бұл үдерістер бір бірімен қатар жүреді, бір-біріне әсер етеді және толықтырады. ҚМИУ студенттері де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылған іс-шараларға белсене қатысады. Оның бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік бастамасымен және Теміртау қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізілген «Адал жол – Честный путь» марафоны. 2018 жылдың сәуір айында ҚМИУ 100 студенті өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетумен сыйбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлерін білдірді. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов, Қарағанды облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы Жандос Сарсенов, мемлекеттік қызметкерлер және қалалық маслихат депутаттарыныңқатысуымен өткен митингте ҚМИУ өкілдері кейбір лауазымдық тұлғалардың тымыраюы, сатылғыштығының символы ретінде әуе шарларын жарды. Осылайша жас жігіттер мен қыздар Теміртау қаласының барлық жастарын республикалық акцияға қосылуға және жемқорлықпен күресушілермен бірқатарға тұруға шақырды. Осы шарадан кейін ҚМИУ студенттері әкімдік ғимаратында «Таза қолдар» акциясын ұйымдастырды, осы акция барысында мемлекеттік мекемелер басшыларына сыбайлас жемқорлықпен күресу құралы ретінде сабын тілімдерін таратты. Сонымен бірге жас адамдар Теміртау қаласының әкімі, қалалық маслихат хатшысы және мемлекеттік органдар басшыларының есіктерінің сыртына «Пара алмаймын, бермеймін!» және сенім телефоны жазылған парақтаршаларды ілді. Осы істер арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты келіспеушілікті азаматтық ұстанымның белсенді түрі жарияланды. Сонымен бірге ескерту қажет, ҚМИУ студенттері бірнеше рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қалалық және облыстық конкурстардың жеңілпаздары атанды. Қазіргі таңда Қазақстанда жеткілікті тиімді мемлекеттік қызмет моделі қалыптасқан. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша бірінші 15 қадам қазіргі таңдағы мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған. Таңдап алған бағытта көптеген істерді жүзеге асыруға «Стратегия-2050» бағдарламасын жүзеге асыру және қазақстандық мемлекеттілікті нығайту ықпал етеді. Кәсіби мемлекетті қалыптастырудың негізгі функциясына дейін шектелген басымдылықтар анықталған. Осымен бірге дамыған елдердің «жаңа мемлекеттік басқарудың» екі басты әлсіз жақтары анықталған: нарықты емес табиғи мемлекеттік қызмет арасындағы қайшылықтар, оны нарықтық негізде қайта құруға ұмтылу, мемлекеттік қызметтің жалпы мәртебесінің төмендеуі және легитимділіктің әлсізденуі, мемлекеттік сектордан білікті мамандардың кетуі. Сондықтан мемлекеттік қызмет құрайтын патриоттылықты сақтау – мемлекеттің ерекше қамқорлығының белгісі. Шетелдік озық тәжірибелерді қолданумен республикада мемлекеттік қызметті жаңарту жүйесі қолданылады. Ол саяси және әкімшілікті таңдау кезіндегі меритократиялық қаиғдаларды енгізу және мемлекеттік қызметкерлерді қолдау, мемлекеттік аппаратта инновациялық технологиялар қолданылуды қарастырады. Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру шараларын жетілдіруге арналған жаңа шаралар қарастырылған, оларға төленетін еңбекақы олардың жұмысының нтәижелері бойынша жүзеге асырылады, құқықтық және әлеуметтік қорғау ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қарастырылған. Осының барлығы – әлемдік қоғамдастықта оның мәртебесін арттыруға, мемлекеттік қызметті нығайтуға арналған логикалық ретті шаралар жүйесі. ҚМИУ оқытушылары және студенттері мемлекеттік қызметтің маңыздылығын толық түсінумен, оның қатарының сапалы мамандармен толықтыруға, нығайтуға әрқашан жан-жақты көмектеседі. Б. А. Жәутіков, техникалық ғылымдар докторы, профессор, ҚМИУ ректоры Қазіргі ҚМИУ түлектері жасаған робот-манипуляторҚарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қазіргі түлектері өздерінің сызбалары және ерекше идеялары негізінде адамның қолының жұмыс жасау қаидасы бойынша жұмыс жасайтын алты өсті робота-манипуляторды құрастырды. Негізгі ерекшелігі – оның бөліктерінің бір бөлігі университеттің 3D-принтерінде басып шығарылды. «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында жақын күндері «Бейімделген роботталған жүйені әзірлеу мақсатында алты өсті робот-манипулятордың кинематикалық сұлбаларын зерттеу және әзірлеу» тақырыбына арналған кешенді дипломдық жоба қорғалды. Барлық жұмыс ғылыми жетекшілермен бірге жүзеге асырылды. Электрэнергетиктер тобы алдын-ала қолданыстағы мехатронды кешендерді сараптаумен, қортындысында мехатронды кешен және роботты техникалық нарықта сұранысқа ие ең қажетті жабдықтар робот-манипуляторлар екенін анықтады. Қазіргі уақытта манипуляторлы роботтар өнеркәсіптің әртүрлі саласында кең спектрлі технологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін қолданылады. Өндірістік процеске манипуляторларды негізу үшін арнайы әзірленген басқару жүйесі қажет, ол робот және адам-оператор арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз етеді, сонымен бірге технологиялық операцияларды автоматтандыруға қажетті процестерді орындайды. – «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында осындай манипуляторды жинақтау туралы ой біраз уақыт бұрын пайда болды, бүгінгі күннің студенттері бұрынғы студенттерден өзгеше, олар мектепте робототехника негіздерін оқыған. Сондықтан жоғары оқу орындарындағы оқыту жоғары деңгейде жүзеге асырылу тиіс – дейді оқу ісі жөніндегі проректор Галина Сивякова. – Негізгі ерекшелік, бөлшектердің бір бөлігі университеттің жеке 3D-принтерінде басылып шығарылды, сондықтан соңғы өнім бағасы біршама арзан болды. Дайын робот-манипулятор жаңа корпустың бір дәрісханасында орналастырылған. Буындардағы иілгішті бейімділікті иілгіш тізбектің болуына қатысты оны әртүрлі салаларда қолдануға болады. – Мысалы, машинажасау саласында бөлшектерді сұрыптау, фармацевтика саласында дәрі-дәрмектерді мөлшерлеу кезінде қолдануға болады. Жалпы белгілі, мысалы, робот-манипулятор – кран ойыншықтарды қармайтын өрмекші сияқты дейді – «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының доценті Артем Гурушкин. – Біздің робот-манипулятор 6 өсті, ол әртүрлі бағытта қозғалады, адаммен салысытрғанда 360 градусқа бұрылады. Сонымен бірге робот шаршамайды, берілген уақыт ішінде барлық тапсырманы орындайды. Бұл жерде адами фактор орын алмайды. Қол еңбегін механикалық еңбекпен ауыстырудағы мақсат – адамды осы жұмысты орындаудан босату және орындалатын жұмыстың дәлділігін арттыру. Роботы жинау кезінде электр- және өрт қауіпсіздігі, сонымен бірге жобаның экологиялық мәселелері де қарастырылды, адам ағзасына шу және тербеліс, ультрадыбыстардың, ионды сәулелердің зиянды әсері анықталды, адамды осы зиянды факторлардан қорғау шаралары да қарастырылды. Дипломшы-студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының экономикалық дәйектемесін де ұсынды. Олардың есептеулері бойынша, робот экономикалық және жобаның бәскелестігі тұрғысынан тиімді, сонымен бірге осындай оқу жабдықтарын жасайтын ұқсас компания өнімі бір бірлік үшін 3,5 миллионнан астам қаржыны құрайды. Студенттердің өздері жасап шығарған роботы бірнеше есе арзанға түсті. Робот-манипулятор және 3D-принтер ҚМИУ қонақтарына және серіктестеріне, оның ішінде ҚР Парламент Мәжілісінің депудаттары және шетел мамандарына мақтанышпен көрсетілді. Казіргі уақытта манипуляторды баптауды зертханалық сабақта «Автоматтандыру және басқару» мамандығының үшінші курс студенттері жүзеге асыруда. Әртүрлі жылдамдық кезінде жұмыс жасаумен бірге бірнеше жұмыс тәртібін үйлестіру – мысалы айналыс және біруақытта көтеру, барлық жетектердің бірге жұмыс жасауы тексерілуде. Қазіргі таңда робот тек ғана қармау жұмысын орындайды, бірақта «қолы» әрі қарай әртүрлі операцияларды орындайтын болады. «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында оқу айларында «Электрон» үйірмесі жұмыс жасайды, осы үйірмеге кафедра қамқорлық жасайтын үш мектептің оқушылары және қМИУ жанындағы колледж студенттері қатысады. Осындай сабақтарға Теміртау қаласының басқа мектептерінің оқушыларының қатысу мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр. ҚМИУ жасаған робот-манипулятор ағынды өндіріске қойылмайды, бірақта қала, облыс және республикалық білім ұйымдарына арналған оқу құрылғысы ретінде бірлі тапсырыстар түрінде жасалуы мүмкін. Светлана ЕГОРОВА Фото автордікі
Cisco нұсқаушыларын оқытуҚарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қазақ ақпараттық коммуникация (ҚАА) Академиясы жанындағы Cisco желісті академиясының IT Essentials курсы бойынша Қарағанды облысының информатика пәнінің оқытушыларына арналған екі апталық оқыту курсы ұйымдастырылды. Отыз қатысушылардың арасында Саран, Сатпаев, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Осакаровка, соынмен қатар Абай, Нұра, Шет, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ақтоғай және Бұқар-Жырау аудандарының педагогтары да бар. IT Essentials курсы ақпараттық технологиялар негізіне арналған. Бағдарламада – компьютерді жинау, профилактикалық күту; реттеу, баптау және Windows басқару; желісті ұйымдастыру қағидалары. Сонымен бірге ноутбуктер, ұялы қондырғылар және принтерлердің жұмыс жасау қағидалары қарастырылады. Операциялық Linux, OS X жүйелеріне және ұялы операциялық жүйелерге де көңіл бөлінеді. Оқытылатын тақырыптар тізімінде – «Ақпараттық қауіпсіздік», «IT-профессионал» және «Кеңейтілген іздеу және ақаулықтарды жою» тақырыптары қарастырылған. Сабақты Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының жетекші оқытушылары жүргізеді. Олардың барлығы ҚАА жатықтырушылары. – Оқытудан кейін информатика пәнінің оқтышулырына нұсқаушы деген сертификат беріледі және олар өздерінің мектептерінде IT Essentials курсы бойынша сабақ өткізуге құқылы, – дейді аға оқытушы Луиза Қорғанбаева. – Cisco желісті академиясының нұсқаушылары, ақпараттық технологиялар саласында әлемдік көшбасшылар саналады. 22 мыңнан астам профессорлар, оқытушылар және кеңес берушілер, әлем бойынша білім алушыларды шабыттандыру және ынталандыру үшін Cisco оқу бағдарламасын қолданады. Қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандар және желіс мамандарына деген сұраныс жоғары. IT Essentials курсына қатысты қолжетімділік, нұсқаушымен сұрақтарды талқылау, интерактивті материалдар көмегімен ақпаратты түсінуді тексеру және мәтіндерді оқу, бағалау үшін жеке смартфон, планшет, ноутбук не жеке компьютерлерді қолдануға болады. – Оқытудың тиімділігі – практикалық дағыларды қалыптастырудың кепілі, – дейді Луиза Қорғанбаева. – оқу бағдарламасының құрамына e-doing қағидасы бойынша әзірленген интерактивті жаттығулар кіреді, оның мақсаты – оқытуды ынталандыру, алған білімді бекіту, оқу үдерісін байыту, осылайша материалды жылдам игеруге ықпал ету. Оқыту ұзақтығы 72 сағат. Курстың жабылуы және Cisco компаниясының халықаралық сертификаттарын тапсыру рәсімі 28 маусым күні өткізіледі. ҚМИУ баспасөз қызметі |