Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік студент» жобасы аясында Қазақстан ғалымдар Конгресінің қолдауымен шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағының ІІІ-ші шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Құжаттар:
– Ғылым саласында
– Өнер саласында
– Спорт саласында
– Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.
Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.
Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоба қатысушыларына «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент 2019» төс белгісі, алғыс хат және қатысушы куәлігі беріледі.
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3-ші жақта жазылған), 1,5 беттен артық емес өмірбаяны (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 3*4 форматтағы сапалы суретін 2019 жылдың 10-шы қазанына дейін uzdik.student2019@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота жіберілетін болады).
Конкурс туралы толығырақ
2019 жылдың 19 қыркүйегінде кітапхананың оқу залында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін “жаңа оқулықтарға – ұзақ өмір”атты ақпарат күні өтті.
Бұл күні барлық курс студенттері мен оқытушылары үшін кітапхана залына экскурсия жүргізілді, онда жаңа әдебиеттер туралы қызықты және қажетті ақпарат күтіп тұрды. Мұнда студенттерге жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар ұсынылды. Барлығы 87 кітап атауы, 3 тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Бұл “Бастау”, “Эпиграф” баспаларының, ЖОО Ассоциациясының кітаптары және біздің университет оқытушыларының оқу –әдістемелік әдебиеті.
2019 жылдың шілде айында ҚМИУ “қазақ тіліндегі әлемнің 100 үздік оқулығы” бағдарламасы бойынша тағы 30 кітап түрін тегін алды (1260 дана). Ал өткен жылы біздің университет осы бағдарлама бойынша 17 атау алды (1485 дана).
Осы жоба аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология, журналистика және т. б. гуманитарлық пәндер бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылады.
Осы кітапханалық іс-шара ҚМИУ барлық факультеттерінің белгілі бір білім беру бағдарламасының профилі бойынша ақпараттық кластерді құруға бағытталған.
ҚМИУ баспасөз қызметі
19-20 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде QS WORLDWIDE-2019 жоғары оқу орындарының Дүниежүзілік форумы мен көрмесі өтті. Халықаралық ауқымдағы іс-шараларды өткізудің мақсаты мен міндеттері “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
“QS WORLDWIDE ” – британдық”QS” рейтинг агенттігі өткізетін беделді халықаралық шаралардың бірі. Форум тәжірибе алмасудың және жоғары білім беруді дамыту және әлемдік деңгейдегі университеттерді қалыптастыру, интернационалдандыру және білім беру сапасын арттыру перспективаларын талқылаудың жаһандық алаңы болып табылады.
“QS” консалтингтік компаниясының негізін қалаушы Нунцио Квакварелли 2018 жылы Мәскеу қаласында өткен “QS WORLDWIDE” халықаралық конференциясында Қазақстан білім берудің мықты жүйелері бар елдер рейтингінде 37-ші орынға ие екенін, ал университеттер халықаралық рейтингтерде алға жылжудың жақсы динамикасын көрсететінін атап өтті.
Үшінші дүниежүзілік форумның тақырыбы – “Жаһандық шыңдарға жол: адами мұра мен озық технологиялардың үйлесімі”болды.
Аталған іс-шараға академиялық топтардың 800 – ден астам көшбасшылары-университеттердің ректорлары, 50-ден астам елдің ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Олардың ішінде: БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, Microsoft, BBC, Elsevier, Springer Nature, YODAK, AKSON; QS “World University Rankings” халықаралық рейтингінің топ-800 кіретін университеттердің басшылары; SUN, USRN, IREG Observatory ұйымдары мен университеттерін ранжирлеу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың мүшелері, ENAEE инженерлік білім саласындағы аккредиттеу бойынша Еуропалық желінің сарапшылары.
Халықаралық конференция бағдарламасы өте мазмұнды болды – пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар, іскерлік кездесулер және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою өтті. Осы кездесулер барысында білім, ғылым, озық технологиялар мен рухани құндылықтарды ықпалдастыру шеңберінде университеттердің болашақ дамуының жаңа моделін әзірлеу және талқылау болды.
Осындай ауқымды іс-шараны өткізу Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұдан басқа, жақсы серпін береді және отандық жоғары білім берудің сапалы жаңа жоғары деңгейіне ілгерілеуге мүмкіндік береді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
2019 жылы Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты жарнаманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік халықаралық жастар конкурсының ұйымдастырушысы болып табылады.
Конкурс Ресей Федерациясынан, сондай – ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңеске (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) және БРИКС (Бразилия, Үндістан, Қытай, ОАР) елдерінің жастары үшін өткізіледі.
Байқаудың мақсаты-жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында әлеуметтік жарнамаларды әзірлеуге және пайдалануға тарту; халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуда қоғамның прокуратура органдарымен және өзге де мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесін қалыптастыру.
Оған Армения, Беларусь, Бразилия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және ОАР-дан 14-35 жас аралығындағы«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар мен бейнероликтер дайындау үшін жастар шақырылады.
Конкурстық жұмыстарда қоғамның барлық деңгейінде және тіршілік әрекетінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазіргі заманғы мемлекеттік тетіктері, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызы көрсетіледі деп күтілуде.
Конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орайластыру жоспарлануда.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|