“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«ҚАЗАҚТАНУ» МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ МҰРАЖАЙЫНА БАРДЫ!

5 қазан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қарағанды индустриялық университетінің 1 курс студенттері Астана қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайына барып қайтты.

Шара барысында Астана қаласының тарих мұражайының құрылуы мен даму тарихын, оның ғылыми-танымдық, мәдени-ағарту, оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізуде атқаратын қызметін терең де жан-жақты зерттеу, республиканың мәдени өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлін ашып көрсету.

Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі, материалдық және рухани мәдениет, табиғат коллекциялары мен тарихи мұраларды жинақтау, сақтау, олардың экспонаттарын халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекеме, яғни өткен тарихты көзбен көріп, қолмен ұстап саралайтын бірден бір орын болып табылады.

Мұражайға саяхат жасауда студенттер ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында студенттер көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты.

Танысу барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, студенттерге әр түрлі музыкалық үндендердің байланысуынан шыққан әуендерді тыңдатты.

Келесі аралау бөлімінде мультимедиялық үлкен залға кіріп, музыка, өнер құдіреті жайлы деректі фильмдер көрсетті. Студенттер мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Студенттер үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!  

Ендеше, оның кімді болса да терең білімге, мәдениеттілікке, болашаққа сеніммен қарауға жетелейтіні айқын.

28.10.2022, 14:09:22, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

26-27 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАСАМПАЗ ЕЛ МҰРАТЫ» ЗУМ ПЛАТФОРМАСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

26-27 қазан аралығында Елбасы кітапханасы ұйымдастыруымен  «Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты» атты  семинар-тренингін жүргізді.

Семинар-тренингінің мақсаты:  ел мемлекеттілігінің тарихын кеңінен насихаттауды, жастарды патриоттық және азаматтық санаға ұйытуды, олардың шығармашылық әлеуетін нығайтуды көздейді.

Қатысушылар «Мемлекеттік тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы», «Экономиканы жаңғырту және өмірдің жаңа сапасы», «Әлем тарихтағы Қазақстан», «Жасампаздық – ұлттың бәсекеге қабілеттілігініңкепілі» дәрістерін тыңдады.

Сондай-ақ материалды бекіту, байланыс орнату дағдыларын дамыту мақсатында тренингтер ұйымдастырылды.

Бұл семинарға Қарағанды индустриялық университетіне 28 студент белсенді түрде қатысыты. Вебинарда «Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?», «Ол үшін жастар қандай болуы керек?» -, деген сұрақтарға жауап алдық.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

26.10.2022, 22:15:20, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ СПОРТЫҚ ЖАРЫС!

 

25 қазан Теміртау қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне арналған эстафета өтті. Жарыстың мақсаты: Жастарды патриоттық тәрбиелеу, студенттерді салауатты өмір салтына баулу.

ҚарИУ-нің студенттері қала аралық колледждер мен ЖОО-ның оқушы жастары арасында өткен жарысқа белсенді қатысты. Жарыс қыздар мен ұлдар арасында өтті. Біздің студенттер ұлдар мен қыздар арасында жүлделі үшінші орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлерге медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Баршаңызды жеңісіңізбен құттықтаймыз!

 

26.10.2022, 19:24:18, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

29-30 қараша күндері Қарағанды индустриялық университетінде «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР» атты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер мен мақалаларды қабылдау 2022 жылдың 15 қарашасына дейін.

Конференция туралы толық ақпаратты университет сайтынан білуге болады https://old.tttu.edu.kz/ .

 

23.10.2022, 13:24:34, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Конференции, Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Қарағанды индустриялық университетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты. Қатысушылар алдында университет ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов сөз сөйледі. Ол бұл күн Қазақстанның жаңа тарихындағы өте маңызды мереке екенін атап өтті, өйткені 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларацияға қол қойылғаннан кейін еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді.

Іс-шара барысында университеттің дамуына қосқан үлесі үшін және ұлттық мереке құрметіне Қарағанды индустриялық университеті ректорының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен 20-дан астам оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды.

Сондай-ақ, ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауының және «Атамекен» диктант байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды УиА-21 тобының студенті Сайева Медина, 2 орынды ПГС-22 тобының студенті Абдуали Рамазан және 3 орынды ТФП-21к тобының студенті Тілеубек Арайлым, ал «Атамекен» диктант байқауының жеңімпаздары 1 орынды ТФП-22к-6 тобының студенті Оразова Әсел, 2 орынды ПГС-22 тобының студенті Аскер Диас және 3 орынды ТФП-22к-5 тобының студенті Бекболат Айым иеленді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарына белсенді көмек көрсеткені үшін ректордың Алғыс хаттарымен 27 студент марапатталды.

Іс-шара Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

                                                                                                                                                                

22.10.2022, 18:09:02, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар