“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Мектеп бітіруші түлектер сіздерді Қарағанды индустриялық университетіне оқуға шақырамыз!

Толықанды ақпараттарды біздің әлеуметтік желілер мен сайттан ала аласыздар!

https://instagram.com/kariu_kz

https://www.facebook.com/profile.php?id=100022651051239

https://old.tttu.edu.kz/

Біздің мекен жайымыз:

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30

Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:

8(7213)914234, 87759894543, 87014306414, 87029080086

09.07.2022, 06:17:42, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзі

 

08.07.2022, 16:54:05, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕР ТҮЛЕП ҰШҚАН КҮН

 

Бүгін  Теміртау қаласындағы Қарағанды индустриялық университетінің студентері диплом алды. Қарағанды индустриялық университеті – еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының қатарында. Бұл білім ордасының 60 жылдық тарихы бар. Бүгінде бұнда 3 мыңға жуық студент бар. Оның 676-сы  биыл қолдарына диплом алды.  Салтанатты табыстау рәсіміне Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Абдрасилов Болатбек Серікбаевич 4 жыл оқыған бакалавр және магистранттарды білім алғандығын растайтын негізгі құжатты табыс етті. Біз техник мамандарды дайындайтын алдыңғы қатардағы университеттің өндірістік орындардың барлығымен дерлік тығыз қарым-қатынаста. Олармен түлектерді жұмыспен қамту бойынша қыруар жұмыстар атқаралып, жазда 181 бакалавр, 22 магистрант диплом алды.  Салтанаты жиын барысында стратегиялық даму жөніндегі проректор  Сивякова Галина Александровна – біз 16 мамандық бойынша электрик, жылу энергетика, құрылыс, металлургтер дайындап,оларға деген сұраныс жоғары екенін айтты. Жұмыспен қамту үлесі 90 пайызды құрайды. Яғни, түлектер міндетті түрде қызметке орналасады. Өнеркәсіп орындарының өкілдерімен жиі кездесу өткізетінін айта кетті. Оңтүстік өңір, Тараз қаласында тумасы Айдын Есмхановна 2015 жылы «Серпін бағдарламасы бойынша 4 жылдық оқуды жылу энергетика мамандығына оқуға түсіп, әрі қарай оқуын жалғасытып магистрант атанды.  Айдын Есмхановна  айтуынша, бұл университетті  таңдағаным бұндағы оқытушылар, жалпы  білім базасы өте мықты. Тәжірибе де, ғылыми жұмыстар да жүргізілетінін атап өтті. Салтанаты диплом беру рәсімі көңілді ән шашумен аяқталды.

 

05.07.2022, 17:50:00, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ЖҮНІСҚАЛИЕВ ТАЛҒАТ ТОҚАШҰЛЫ, PhD ҒЫЛЫМИ АТАҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қарағанды индустриялық университетінің ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департамент директоры, Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлын металлургия саласында диссертациялық жұмысын қорғап, PhD философия докторы мәртебесін алуымен құттықтаймыз.

Ең алғаш білім алған ордасы Жұбанов атындағы Ақтөбе  мемлекеттік университетінің жас түлегі, алғашқы жұмыс баспалдағы «Hobas Pipes Kazakhstan» ЖШС, оператор болып қызмет атқарған. Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлы өз ісінің майталманы.

Қазіргіргі уақытта Қарағанды индустриялық университетінің ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департамент директоры, Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлына жұмысына сәттілік тілей отырып, білім жолындағы ізденісіне тек шығармашылық табыс тілейміз. Жаңа ғылыми атағыңызбен құттықтаймыз.

04.07.2022, 09:39:40, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жариялау

Қазақстан Республикасы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға байқау жариялайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы дарынды жастарды жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді: «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрадалық өнер», «Халық өнері».

Үміткерлердің құжаттары 2022 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің жастар және отбасы істері комитетінде premiya.daryn@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Конкурстың ережелері мен құжаттары.

24.06.2022, 17:21:42, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар