Тарихы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Металлургия мекені
Қарағанды индустриялық университеті (бұрынғы Қарметкомбинат жанындағы зауыт- ЖТОО) – бірегей жоғары оқу орны. Оның жарты ғасырдан артық тарихы қала және ел тарихымен тығыз байланысты.
Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңі 1943 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімі бойынша Нұра өзен бойындағы Самарқан су қоймасының жағасында Қазақстан металлургиясының тұңғышы – қазақ металлургиялық өңдеу зауытының құрылысы басталды.
Жеңістен кейін Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлердің экономиксын қалпына келтірудегі жұмыстардың тірек базасы болды. Ел басшылығымен Теміртауда өндірістік толық циклді металлургиялық зауыт салу туралы шешім қабылданады. 1950 жылғы күзде болашақ өндіріс алыбы аумағында Қазақстан Магниткасының – алғашқы қазығы геодезисттермен қағылды. 1957 жылдың желтоқсан айында бірінші домна пеші салтанатты түрде қаланды.
1958 жылы Қазақстандық Магниткасы БЛКЖО XIII съездінде Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. Елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған жігіттер мен қыздар келді. Алғашқы құрылыс қиындықтары артта қалып металлургиялық зауыт өсу қарқыны үдей бастағанда, инженерлік-техникалық мамандарға деген қажеттілік туындады.
1958 жылы 4 наурыз күні КСРО Жоғары және орта арнайы білім министрлігі Теміртау қаласында мамандарды өндірістен қол үзбей дайындайтын Химия-механикалық техникум базасында Қарағанды политехникалық институтының кешкі бөлімшесін құру туралы бұйрық шығарды. 1961 жылы Теміртаулық кешкі бөлімше Қарағанды политехникалық институтының жалпытехникалық факультеті болып қайта құрылды.
Қаланың өндірістік және құрылысты кәсіпорындарының қарқынды дамуы жағдайында жалпытехникалық факультет толығымен инженер-технкалық кадрлерге деген сұранысты қанағаттандырмады. Жас индустриялық қалада ұзаққа шешімін таппаған дербес жоғары оқу орын ашу қажеттілігі туындады.
Нұрсұлтан Назарбаев – 1962 жылы Қазақстан КЖЛК съезінің жас делегаты, өзінің сөйлеген сөзінде биілкке сын айтумен бірге қаладағы жоғары оқу орнының құрылысы тоқтап қалғаны жайлы айтты. Ол: «Үкіметтің Қаулысымен біздік қаламызда жоғары оқу орнының ЖТОО-зауыт құрылысы басталды, бірақта 2 жыл ішінде біз тек ғана қағаз жүзінде ғана істеліп жатқан жұмысты көріп келеміз, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Не Жоғары білім министрлігі, не Мемлекеттік жоспарлау комитеті, не республикалық комсомол ұйымының Орталық комитеті осы мәселеге қатысты ешқандай шара қолданған жоқ. Бізге жоғарғы оқу орны қажет. Теміртау қаласының комсомолдары мен жастары өзіміздің қалада ЖТОО-зауыттың ашылғанын қалаймыз және осы мәселе өзінің оң шешімін табады деп үміттенеміз. Бұл мәселені шешу қажет»– деді.
1963 жылы КСРО және ҚКСР Үкіметінің Қаулысымен Теміртау қаласында Қарағанды политехникалық институтының кешкі факультеті базасында Қарағанды металлургия зауытының жанындағы зауыт-ЖТОО (1970 жылдан Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы) ашылды.
Жоғары оқу орнының қалыптасуындағы бастапқы кезеңдер үлкен қиыншылықтармен басталды. Сонымен бірге іргетасты жоғары оқу орнын құру бойынша ұйымдастыру-техникалық мәселелермен қатар Қазақстан Магниткасына арналған инженерлі кадрларды сапалы дайындау мәселелерін де жүзеге асыру қажет болды. ЖТОО-зауыттың бірінші жылдарында барлық қажетті жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелері және материалды-техникалық базасы құрылды, институттың бас корпусы салынды және студенттер саны үш есе көбейді.
1970-80 жылдарда ЖТОО-зауыттың инженерлік негізінен металлургиялық бейіні қалыптасты. 80-ші жылдардың соңында жоғары оқу орының құрамында металлургия, химия, құрылыс салаларында зерттеу жұмыстырын орындауға арналған жабдықтармен жабдықталған жеті оқу-зертханалық корпусы, КСРО ең үздік ақпараттық-есептеу орталығы, спорт кешені, екі абаттандырылған жатақхана, санаториялы-профилактория, 530 орынды асхана салынды.
ЖТОО-зауыт кітапханасында
Жоғары оқу құрылымы төрт факультеттен: металлургиялық, механика-технологиялық, инженерлі-құрылысты, кешкі және дайындық бөлімшелерінен құрылды. 26 кафедраның ішінде 12 кафедрада мамандар даярланды. Мамандарды оқыту 9 мамандық бойынша күндізгі және кешкі оқыту түрінде жүзеге асырылды. Ғылыми-педагогикалық жұмыспен 250 астам білікті педагогтар айналысты, оның жартысынан көбінің ғылыми атақтары және дәрежелері болды. Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында БАИ оқыту, өндірісте машықтанудан өту, аспирантура және докторантурада оқу жүзеге асырылды. Сонымен қатар 1980-1986 жылдарда МБжҚИ, И.П. Бардин атындағы ҚМОҒЗИ аспирантурасын ЖТОО-зауыттың 40 астам ғылыми қызметкерлері білім алды және диссертацияларын қорғады.
Студенттер және оқытушылардың бос уақыттарын мәдениетті өткізу үшін барлық жағдай жасалды. Жоғары оқу орнында өнер факультеті, көркем өнер секциялары, студенттік эстрадалық миниатюр театры (СЭМТ), «Ноосфера» клубы, жас дәрісшілер клубы, 12 спорт түрі бойынша спорт секциялары жұмыс жасады, әртүрлі демалыс және пікірталас кештері ұйымдастырылды. СҚО қозғалысы дамыды.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде басталған кеңауқымды саяси және әлеуметті-экономикалық реформалар барысында ҚМК жанындағы ЖТОО-зауытты әрі қарай жұмыс жасау жағдайына арналған өзекті мәселелер туындады. 19.03.1993 жылы ҚМК жанындағы ЖТОО-зауытының базасында Қарағанды Металлуургиялық институты (19.03.1993 жылғы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы және Қазақстан Республикасының Білім министрінің 20.04.1993 жылғы №193 бұйрығы) құрылды.
Қарағанды Металлуургиялық институты металлургиялық саланың барлық бағыттары бойынша мамандарды дайындайтын Орта Азия өңіріндегі жалғыз оқу орны мәртебесін сақтап қалды. Жоғары оқу орнының құрылымында үш күндізгі оқу факультеттері, сырттай оқу факультеті (1997 жылы кеші факультет базасында құрылған), металлургиялық, машинажасау, құрылыс, химия жәгне экономика бағыттары бойынша қазақ тілінде оқыту жүзеге асырыатын қазақ бөлімшесі жұмыс жасады. Қордағы байланысшы-офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс жасады.
Жоғары оқу орнының базасында «ҚарМетИ» үздіксіз білімдік оқу-ғылыми кешенді жоба жүзеге асырылды. Жоғарғы оқуға дейінгі оқытуды жүзеге асыру мақсатында институт жанынан «Көктем» лицейі және колледж ашылды. Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды дайындау аспирантура және магистратура мамандықтары бойынша жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтана Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен институттың жаңа оқу-зертханалық корпусының құрылысы аяқталды. 2001 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің сапары кезінде АҚШ 1,5 млн. доллар қаржы көлемінде заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа корпустың салтанатты ашылуы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтана Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қатысуымен өткізілді. Қымбат жабдықтарды сатып алу оқу үрдісін әлемдік стандарттар деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
2004 жылы Қарағанды металлургиялық институты Қазақстан Республикасында алғашқылардың бірі болып студенттерді кредитті технология және инженер-техникалық кадрларды үш сатылы деңгейлі жүйе: бакалавр – магистр – доктор Phd бойынша оқыту жүйесін жүзеге асырды.
Жоғары оқу орнында оқыту сапасының менеджмент жүйесі енгізілген, өңірлік білімді ақпараттандыру орталығы, индустриялды-инновациялық орталық, баспахана бөлімі құрылды. Институттың құрамында жеке типография, оқу және зерттеу зертханалары, жаһандық INTERNET желісіне қосылған компьютерлік сынып, кітапхана, оқу залдары, спорт-сауықтыру кешені, абаттандырылған жатақхана жұмыс жасайды.
Қарағанды металлургиялық институтының басшылығының бастамасымен мынандай өнеркәсіпті алыптармен «Испат-Кармет», «Қазақмыс», «Қазхром» ынтымақтастық тығыз байланыс орнатылған. Ынтымақтастық практика базасы, ғылыми зерттеулер, кадрларды қайта дайындау және түлектерді жұмыспен қамтамасыздандыру бағытына бағытталған.
2001 жылдан бастап институт базасында тұрақты түрде «Металлургия саласындағы ғылыми-техникалық прогресс» атты халықаралық конференция өткізіледі. Конференция жұмысына алыс және жақын шетелдік ғалымдар және жетекші мамандар шақырылады. Конференция қазіргі кездегі индустриялы-инновациялық даму мәселелерін талқылауға арналған пікірталас алаңы ретінде мынандай Фрайберг тау-кен академиясы (Германия), Мәскеу болат және қортпалар институты (РФ), Оңтүстік-Орал мемлекеттік техникалық университеті (Челябинск қ., РФ), Днепропетров металлургиялық институты (Украина) және т.б. ғылыми орталықтармен тығыз шығармашылық байланыстарды дамытуға ықпал етті.
2006 жылы Қарағанды металлургиялық институты базасында Қарағанды индустриялық университеті (25.07.2006жыл Қазақастан Республикасының Үкіметінің 25.07.2006 жылғы №705 қаулысы) құрылды.
Бұл жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын инженерлі-техникалық кадрларды дайындауға арналған мамандықтар номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні бұл бакалавриат бойынша 18, магистратура бойынша 8 және доктарантура бойынша 2 мамандықтар. Профессорлы-оқытушылар құрамының шамамен 50% ғылым докторы, ғылым кандидаты, Phd докторы деген ғылыми атақтары, дәрежелері бар. Университеттің тәжірибелі оқытушылары жыл сайын республикалық «ЖОО Үздік оқытушысы» байқауына қатысады. 2006 жылы осы байқаудың бірінші жеңілпаздары Зоя Салеховна Гельманова және Виталий Антонович Талмазан.
2008 жылы ҚР БҒМ бұйрығымен ҚИУ базасында «Электронды микроскопия және нанотехнологиялар» инженерлі бейінді зертхана құрылды. Зертхана АҚШ, Жапония, Германия, Ресейде жасалған заманауи ерекше жабдықтармен жабдықталған, сонымен бірге лицензиялық: Termocalk, Termoscan, КОМПАС, Inventor, Deform бағдарламалары қолданылады. ҚИУ ИБЗ жұмысының бағыты – өндірістік қалдықты пайдалану және кешенді ферроқортпалар өндірісі, металлургиялық және машинажасау салаларына арналған жаңа озық материалдарды жасау технологияларын және ғылыми дәйектемесін әзірлеу.
Университет басшылығы әлемдік білімдік кеңестігіндегі интеграциялық процестерге ерекше көңіл бөледі. 2009 жылы жоғары оқу орны Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
Осы Хартияға қол қойғаннан кейін жоғарғы оқу орны академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысады. Қол қойылған келісім шарттарға сәйкес ҚИУ студенттері мынандай шетел университеттерінде оқу мүмкіндігіне ие болады: Химиялық технология және металлургия университеті София қ. (Болгария), Экономикалық университеті Катовица қ. (Польша), Люблинск техникалық университеті (Польша).
Университеттің студенттері және магистраттарына дәріс оқу үшін Ресей, Қытай, Польша, Болгария, Германия елдерінің жетекші ғылымдары шақырылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі магистерлік дайындық бойынша ортақ білімдік бағдарламалар әзірленуде.
2014 жылдан бастап ҚИУ академиялық ұтқырлық бағдарламасына Үндістан елінің студенттері де қатысады, оларға университеттің жетекші ғылымдары және мамандары дәріс оқиды және практикалық сабақтарды өткізеді.
2015 жылдан бастап университетте мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау жүзеге асырылып жатыр. ҚИУ базасында жыл сайын «Металлургия» және «Қысыммен материалдарды өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Бірніше жыл қатарынан университет студенттері командалық және жеке сынақ бойынша бірінші орындарға ие болып жүр.
Бүгінгі күні университет құрамында 3 факультет «Металлургия және машинажасау», «Энергетика, көлік және басқару жүйелері», «экономика және құрылыс» 3 факультет жұмыс жасайды.
Университетте студент жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Жоғары оқу орнында 59 мамандандырылған зертхана, университетте 12 кәсіпті бейінді зерханадан құралған меаллургиялық орталық жұмыс жасайды. ҚИУ – Қазақстанда қолданыстағы металлургиялы пештердің моделдері бар тәжірибелі-өндірістік алаң жұмыс жасайтын жалғыз жоғары оқу орны.
Қарағанды индустриялық университетінің базасында Cisco желісті академия орталығы ашылған. Тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен студенттер «Индустрия 4.0» бағдарламасы шеңберінде киберфизикалық жүйелер, индустриялық кластерлер, жаңа экономика қажеттілігіне бағытталған білім алады. «Индустрия 4.0» бағдарламасының тұтас және озық бөлігінің бірі мехатроника және 3D бағыттары саналады.
Домна пеші мен Конвертердің қолданыстағы модельдері
Қарағанды ғылыми-зертханалық базасы индустриялық университет жоғары оқу орнының ғалымдарына, магистранттарына және студенттеріне іргелі және қолданбалы сипаттағы зерттеулер жүргізуге және дипломдық жобаларда, магистрлік диссертацияларда, Phd ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларда, монографиялар мен ғылыми мақалаларда республикалық және шетелдік басылымдарда зерттеу нәтижелерін ресімдеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері әр түрлі деңгейдегі конференцияларда сыналады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің дамуы мен өсуінің шешуші факторы білім, ғылым және өндірістің интеграциясы болып табылады. Дуальді білім беру жобасы аясында қаланың жетекші кәсіпорындарында шығарушы кафедралардың филиалдары құрылған. Университет басшылығының бастамасы бойынша “АрселорМиттал Теміртау” АҚ, “Қазақмыс корпорациясы” АҚ, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты, “Қазхром” ҰТК АҚ, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, “Орталық Азия цемент” АҚ және т. б. сияқты ірі өнеркәсіптік компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл кәсіпорындар КарИУ практикасының негізін құрайды.
Бүгінгі таңда КарИУ-техника мен технологиялар, Құрылыс және Бизнес, Инновациялар және Қазақстан Республикасын индустриялық дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер саласында маманданған жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде 24 мыңға жуық адам университет түлектері болды. Оның ішінде 14 000-нан астамы тәуелсіздік жылдары Инженерлік білім алған. Университет түлектері талантты инженерлер, ғалымдар, табысты кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге айналады. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері біздің ЖОО түлектерінің қатарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болғанын ерекше мақтан тұтады.