Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Негізгі күндер
1940 жылы шілде айының 6 жұлдызында Қазақ КСР, Алматы облысы, Шымолған ауылында шаруа отбасында дүниеге елген.
1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында Құрылыс басқармасының «Казметаллургстрой» тресінде жұмысшы болып бастады.
- Содан кейін Қарағанды металлургиялық зауытында құю машинасында шойыншы, домна пешінде горновой болып жұмыс жасады.
- 1965-1969 жылдар аралығында – қайтадан Қарағанды металлургиялық зауытында (1966жылдан комбинат): диспетчер, газшы, домна цехының аға газшысы болып жұмыс жасады.
- 1969-1973 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Теміртау қаласында партиялық, комсомолдық жұмыс жасады.
- 1973-1977 жылдар аралығында – Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы.
- 1977-1979 жылдар аралығында – Қарағанды облысының партия комитетінің екінші хатшысы.
- 1979-1984 жылдар аралығында – Казақстан Компартиясының Орталық Комитетінің хатшысы.
- 1984-1989 жылдар аралығында – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
- 1989-1991 жылдар аралығында – Казақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
- 10-шы, 11-ші шақырылған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты .
- 1989 жыл мен 1992жылдың қаңтар айына дейін КСРО Халық депутаты.
- 1990 жылдың ақпанынан —1990 жылдың сәуіріне дейін бірмезгілде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.
- 1990 жылдың сәуір айынан — Қазақстан Республикасының Президенті
- 1991 жылы 1 желтоқтанда бірінші жалпы халықтық республикалық бірінші Президенті сайлауы өтті, сайлау барысында Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызды қолдауына ие болды.
- 1995 жылы 29 сәуір айында болған референдум нәтижесі бойынша Н.Ә. Назарбаевтың президенттік уәкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
- 1999 жылдың 10 қаңтарында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды, сайлаушыларлың 79,78 пайызды қолдауына ие болды.
- 2005 жылдың 4 желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды, сайлаушыларлың 91,15 пайызды қолдауына ие болды.
Отбасылық жағдайы
Әйелі Сара Алпысқызы — инженер-экономист. Кәзіргі кезде Халықаралық балалар «Бөбек» («Малыш») қайырымдылық қорын басқарады.
Үш қыз баласы бар:
- Дариға — “Хабар” Ақпараттық агентствосы» ЖАҚ төрайымы, саяси ғылым докторы, Қазақстан Республикасының Парламент Мажилисінің депутаты; обасылық жағдайы: ажырасқан (бұрынғы күйеуі – Алиев Р. М.);
- Динара – Н.Ә. Назарбаев атындағы Білім қорын басқарады;
- Әлия – «Элитстрой» құрылыс компаниясының жетекшісі, бизнеспен айналысады.
Н.Ә. Назарбаевтың төрт немересі, бір шөбере қызы бар.
Мемлекеттік Наградалары
- Еңбек Қызыл Ту ордені (КСРО, 1972),
- «Еңбек белгісі» ордені (КСРО, 1972),
- І дәрежелі Князь Ярослав Мудрый ордені (Украина, 14 қазан 1997),
- «Италия Республикасы алдында сіңірген еңбегі үшін» үлкен орден таспасымен сәндендірілген Үлкен крест кавалері (Италия, ақпан 1998),
- Орден Святого апостола Андрея Первозванного (Ресей, 12 қазан 1998),
- «Буюкхизматлариучун» ордені (Өзбекстан, 31 қазан 1998),
- «Румыния Жұлдызы» ордені («СтяуаРомынией») (Румыния, 11 қараша 1999),
- Ұлы Витаутас орденінің Үлкен Кресті (Литва, 11 май 2000),
- «Австрия Республикасы алдында сіңірген еңбегі үшін Үлкен Құрмет жұлдызы» ордені (Австрия, наурыз 2000),
- ИсмоилиСамони ордені (Тәжікстан, 6 шілде 2000),
- Әулие Михайл және Әулие Георгий Орденінің Үлкен Кресті (Ұлыбритания, 15 қараша 2000),
- Құтқарушы ордені (Греция,16 шілде 2001),
- Үлкен жұлдызды таспалы короля Томислав ордені (Хорватия, 18 шілде 2001),
- Пия ордені (Ватикан,11 қазан 2001),
- Құрметті Алтын Еркіндік ордені (Словения,22 май 2002),
- Ақ қыран ордені (Польша,24 май 2002),
- «Ұлы Бадр» ордені (Сауд Аравиясы, 3 наурыз 2004),
- I Леопольда ордені (Бельгия, 5 желтоқсан 2006),
- «Тәуелсіздік» ордені (Катар, 11 наурыз 2007),
- Шешен Республикасының бірінші президенті Ахмат Кадыров атындағы орден (Шешен Республикасы, 4 маусым 2007),
- І дәрежелі қосарлы Ақ қыран ордені (Словакия, 21 қараша 2007),
- «Румыния Парламентінің Сенатына 140 жыл» мерейтойлық медал (Румыния, 22 қараша 2007),
- Шынжырлы Үлкен крест (Венгрия ,23 қараша 2007),
- «Ұлы Нил» ордені» (Мысыр, 17 май 2008),
- Құрметті легион орденінің Үлкен Кресті (Франция, 11 маусым 2008),
- Емен Тәжі ордені (Люксембург, 27 маусым 2008),
- Үлкен таспалы Бақытгүлі ордені (Жапония, 19 маусым 2008),
- «ЭрдэнэОчир» ордені (Манғолия, 6 тамыз 2008),
- І дәрежелі Әулие адал князь Даниил Московский ордені (РПЦ, 13 қараша 1996).
Қазақстандық мерейтойлық Медалдер
- «Астана» медалі,
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі,
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі,
- «Қазақстан теміржолдарының 100 жылдығын құрметті мерекелеу» медалі,
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі,
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі,
- «Тың игеруге 50 жыл» медалі,
- «Астанаға 10 жыл» медалі,
Ғылыми атағы
- Экономика ғылымының докторы, «Нарықтық қатынастардың дамуы және қалыптасу жағдайында қорларды үнемдеу стратегиясы» атты докторлық диссертациясын 1992 жылы Ресейлік басқару академиясында (Мәскеу қ.) қорғады.
- Халықаралық инженерлік академия академигі (1993).
- Ресей Федерациясының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (ақпан, 1994).
- Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1995).
- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құрметті профессоры
- Белоруссия Республикасының Ғылым академиясының Құрметті мүшесі (қаңтар 1996).
- «КИМЭП Құрметті докторы» (22 қараша 1995).
- Халықаралық христиандық студенттік ұйым ұйымдастырған Шығыс-Қазақстандық мемлекеттік университеті жанындағы бизнес-колледждің Бірінші Құрметті шетелдік профессоры, бұл ұйымға АҚШ және Канада едерінің 600 астам университтері біріккен. (20 сәуір 1996).
- М. В. Ломоносов атындағы мәскеулік мемлекеттік университеттің Құрметті профессоры (14 май 1996).
- Ресейлік Ұлттық қолданбалы ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі (желтоқсан 1997).
- Білкент университетінің Құрметті саясаттану докторы (Анкара, Түркия, 15 маусым 1998).
- Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (24 наурыз 1999).
- Халықаралық технологиялық ғылымдар академиясының академигі (26 қазан 1999).
- Исламды Ғылым академиясының Құрметті докторы (30 сәуір 2002).
- Бежін университетінің Құрметті докторы (24 желтоқсан 2002).
- Қолданбалы технологиялар саласындағы Оңтүстік Альберт технологиялық институтының Құрмет дәрежесі (Канада, 26 маусым 2003).
- Кембридж университетінің Құрметті профессоры (22 сәуір 2004).
Құрметті атағы
- Қазақстан және Орта Азиялық Халықтар достығы қорының Құрметті төрағасы.
- Әлем қазақтары қауымдастығының төрағасы (1992).
- Қазақстан халықтарының Ассамблеясының төрағасы (1995).
- «Жыл адамы» («Руханият» Халықаралық рухани дамуға жәрдем ету қауымдастығы , 1993).
- «Ғасыр адамы» (Халықаралық Абылай хан қоры, «Мәдениет және тарихи ескертіштерді қорғау» Қазақ қоғамы, «Алтын Адам» қорымен ұйымдастырылған Қоғамдық кеңес, ақпан 2000).
Құрметті азамат
- Теміртау қ.(26 қараша 1991),
- Дулут қ.(АҚШ, 1991),
- Алматы қ.(13 қараша 1995),
- Бухарест қаласының бейнелеме кілті тапсырылған (Румыния, 22 қыркүйік 1998),
- Астана қ.(желтоқсан 1998).
Қоғамдық наградалары
Нюрнберг қаласының «Экономикалық және маркетингті даму» Гильдиясының Алтын медалі (ГФР, 16 қараша 1993 жыл),
- Халықаралық Кранс-Монтан қорының сыйлығы (23 қаңтар 1996),
- «Прогресті дамуына қосқан үлесі үшін» халықаралық Кранс-Монтана-96 форумның Арнайы жүлдесі (22 маусым 1996),
- 1 номерлі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің медалі (5 қаңтар 1998),
- «Халықаралық түсіну үшін» индиялық «Юнитиинтернэшнл» қорының наградасы (9 май 1998),
- «Түріік тектес халықтар арасындағы қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін» Түркия Республикасының 75 жылдық мерейтойына арналған сыйлық (28 желтоқсан 1998),
- Бейбітшілік Жалауы – «Тарихи ескерткіштер, көркем және ғылыми ғимарттарды қорғау туралы» бірінші бекітіліген халықаралық келісім шарттың ресми символы (Рерих Пактісі) (Вашингтон, 5 қаңтар 1999),
- «Түркі әлеміне қызмет еткені үшін» 1998 жылғы сыйлық, «Түрік әлемінің жазушылар және мәдени қайраткерлерінің қоры» қоғамдық қоры бекіткен (8 маусым 1999),
- «ТМД елдерінде авиацияның дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін» Халықаралық авиация комитетінің Алтын медалі және Құрмет дипломы (22 шілде 1999),
- «Алтын Атлант» сыйлығы (26 қазан 1999),
- «Бейбітшілік көгершіні» Додеканесск араларының ЮНЕСКО клубы бекіткен сыйлық (Греция, шілде 1999),
- «Демократияны іске асыру үшін қосқан үлесі үшін» халықаралық сайлау жүйесі қорының дипломы (желтоқсан, 1999),
- Халықаралық Олимпиада бокс қауымдастығының Алтын ордені (31 май 2002),
- Халықаралық сыйлық лауреаты, «ТМД елдерінің дауына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған («Халықаралық олимп» байқауының ұйымдастыру комитетінің халықаралық кеңесі, 17 сәуір 2003).
- Л. Гумилев атындағы сыйлық және алтын медал (Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, 28 маусым, 2003),
- Маймонид атындағы Халықаралық сыйлық лауреаты (жеткші еврейлік ұйымдар және әлем қауымдарының өкілдері біріктірілген Маймонид атындағы сыйлықтың халықаралық комитеті,Израиль, қыркүйік, 2004),
- І дәрежелі Ұлы Петр ордені (Қауіпсіздік, қрғаныс және құқықтық мәселлері академиясы, 5 қазан, 2004),
- Словацк Республикасының «Алтын Биатек-2007» мерейтойлық Құрмет наградасы,
- Олимпиадалық Азия Кеңесінің ордені (28 май 2007),
- «Нова» Оңтүстік-Шығыс университеті бекіткен Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының лауреаты, (АҚШ, 29 тамыз 2007).
Халықаралық Жұлдыздар Реестрі бойынша 1997 ж 6 шілде айында Н.Ә. Назарбаев атындағы жұлдыздың реттік саны – Персеус RA 3h 23v Osd 40* 43,. Халықаралық жұлдыздарды тіркеу жинағында Швейцарияда тіркелген және АҚШ Астрономиялық жинағының 5 томында жазылған.
Н.Ә. Назарбаев алтыннан қымбат жоғары берікті металл – ниобиядан жасалған академия медалімен марапатталған. Бұл медал 10 жыл бұрын бекітілген, бұл жоғары награда әлемде тек ғана 10 адамға берілген, оның ішінде Нобелев атындағы сыйлықтың екі рет иегері Уильям Поллинг, БҰҰ өндірістік даму (ЮНИДО) жөніндегі бас директоры Карлос А. Магариньос, «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Рем Вяхирев.
Лауазымы
- Қазақстан Республикасының Президенті (1991ж бастап),
- Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғарғы Қолбасшысы (1993),
- Қазақстан Халықтарының Ассамблеиясының төрағасы,
- Бүкіләлем қазақтары қауымдастығының төрағасы.
Партиялығы
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет басшысының қандай да бір парияның мүшесі болуына тиым салады. Бірақта Н.Ә. Назарбаев «НұрОтан» саяси партиясына қолдау көрсетеді, бұл партия елдің жетекші партиясы саналады, бұл партия оның қызы Дариға Назарбаева басқарған «Асар» партиясымен біріккен.
2007 жылы Конституцияға түзетулер енгізілді, Н.Ә. Назарбаев ресми түрде «НұрОтан» партиясының басшысы болып сайланды.
Кітаптар авторы
- «Қазақстанның болатты профилі»,
- «Оң және солшыларсыз»,
- «Қорды үнемдеу стратегиясы және нарыққа»,
- «Кремлді тұйық»,
- «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу және даму»,
- «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму»,
- «XXI ғасыр табалдырығында»,
- «Н. Ә. Назарбаев. Еуразиялық одақ: идея, практика, болашақ. 1994—1997»,
- «Тарих ағымында»,
- «Әлем кіндігінде».
Және т.б..
Ғылыми мақалалар авторы
- «Шауашылықты үнемшілдік»,
- «Қазақстан экономикасы: жаңарту мүмкіндігі және болашағы»,
- «Еңбек бөлісінің мәселелері»,
- «Бірігу тиімділігі: тәжірибе және мәселелер»,
- «Жаңа жағдай ескі «тежеу»,
- «Арал төңірегінің мәселлеері және оны шешу жолдары»,
- «Terraincognita njnfkbnfhks тоталитарлық демократия»,
- «Имериялық одақтан тәуелсіз мемлекеттер достығына»,
- «Экономическалық интеграция — ақылды балама жоқ»,
- «Ұлтаралық бірлік және экономикалық тәуелсіздік – біздің алға дауымыздың басты және сенімді тірегі»,
- «Біздің бағытымыз — бірігу, қоғамдық прогресс, әлеуметтік серіктестік»,
- «Экономикалық дағдарыстан шығуға арналған нарықтық өзгерістер және шараларды жеделдеті жайлы»,
- «Еуразиялық кеңестік: бірігу мүмкіндіктері және және оны жүзеге асыру» және т.б.
Ұйымдар
- ЕврАзЭС – Еуразиялық экономикалық қауымдастық,
- ШЫҰ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы,
- ТМД – Тәуелсіз Елдер Достығы,
- ҰҚКҰ – Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымы.
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ және ҚМИУ
1948 – 1958 жылдар – орта мектептке білім алды.
1958 – 1960 жылдар – Днепродзержинске қ. білім алды.
1963 – 1965 жылдар – Қарағанды қ. Политехникалық института білім алды.
1965 – 1967 жылдар – ҚМК жаныдағы ЖТОО (кәзіргі ҚМИУ) білім алды. Дипломдық жоба тақырыбы: «Пешке мазутты берумен 100% флюстенген агломератпен пештің жұмыс жасау кезіндегі, Қарметзауыт жағдайында 300 млн.т қйылған шойын, 3,8 млн.т табақты таптаманы қамтамасыз етуге арналған домна цезхының жобасын құарстыру».
Арнайы бөлім: СаО:SiO2 = 1.04 + 1.15. шлагына және СаО:SiO2 < 1.8 қышқылды шлакқа негізделген ҚарМЗ жағдайында домна пешінің жұмысының салыстырмалы көрсеткіштеріне талдау жасау.
Баға – «үздік».