Университет туралы
«Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚарИУ» КЕАҚ) – бұл Қазақстан Республикасының тау-кен, машинажасау, химия, құрылыс және басқа да металлургиялық салалармен байланысты қосалқы салаларға және металлургия өнеркәсібі үшін басымды металлургия саласына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді білікті кадрларды даярлайтын Қазақстанның жетекші университеті. «ҚарИУ» КЕАҚ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы №752 қаулысына сәйкес «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (1963 ж Қарағанды политехникалық институтының филиалы негізінде Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы ЖТОО-зауыт) базасында қайта құрылды.
ҚарИУ – бакалавриат → магистратура → докторантура
үздіксіз оқу циклін жүзеге асыратын жоғарғы оқу орны
ҚарИУ (бұрынғы ҚарМетИ) осы жылдар ішінде 20 мыңнан астам жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлады.
«ҚарИУ» КЕАҚ құрамына үш факультет («Металлургия және машинажасау», «Энергетика, көлік және басқару жүйелері», «Экономика және құрылыс»), факультеттер құрамында 12 кафедра жұмыс жасайды, 8 кафедра бойынша мамандар даярланады. Оқыту бакалавриат бойынша 28 білім бағдарламасы, магистратура бойынша 27 білім бағдарламасы және докторантура бойынша 2 білім бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Университет жанында өңірлік мамандандырылған ақпараттандыру және оқыту орталығы (ӨМАОО) жұмыс жасайды, осы орталық базасында мына курстар: Auto CAD; КОМПАС; ЭЕМ пайдалану; 10 мамандық бойынша Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарының қызметкерлері және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары үшін қазақ тілі және біліктілікті арттыру курстары жұмыс істейді.
ҚарИУ әлемдегі ең ірі металлургиялық компания «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ынтымақтастық меморандумын бекітті. Осы меморандумның орындалу барысында:
- біріншіден, металлургия, автоматтандыру және басқару, электрэнергетика, жылуэнергетикасы, технологиялық машиналар және жабдықтар мамандықтарында оқитын күндізгі бөлімнің жоғарғы курс студенттері үшін мемлекеттік стандарттарынан тыс қосымша бағдарламалар бойынша дайындық жүзеге асырылады;
- екіншіден, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үшін жоғары білікті мамандарды дайындау және осы компания бес бағдарлама бойынша: домна, болат қорту, агломерациялау, конвертерлі және илектеу өнірістері бойынша жоғары білімі бар мамандары үшін біліктіліктерін арттыру курстары өткізіледі;
- үшіншіден, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ МДБ базасында ҚарИУ сырттай оқу факультетінде оқитын, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыс жасайтын еңбеккерлердің білімін жоғарлату мақсатында кешкі оқу факультеті ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, университет және құжаттар айналымы, өнірісті технологиялық дайындау, автоматтандырылан жобалау жүйелері саласындағы қазақстандық ірі жүелік интегратор болып саналатын «EGS – Solutions» компаниясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, осы меморандум негізінде халықаралық сертификат берумен әртүрлі өндіріс салаларынд жұмыс жасайтын жас мамандарды және жоғары білікті оқытушылар құрамын дайындықтан өткізу жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні осындай курстан өту, білімін және біліктілігін арттыру еңбек нарығындағы бәсекелестік талаптарына сай болу үшін әрбір маманға қажет.
ҚарИУ студенттері үшін осы курстарды бітіру мүмкіндігі қарастырылған.
Осы курсты игеруге Сізге жоғары білікті оқытушылар көмектеседі. ПОҚ тұрақтылығы 45% астам. ҚМСИУ 70 астам оқытушыларының ғылыми атағы, дәрежесі бар, олардың ішінде 12 ғылым докторы, 10 профессор,Қазақстан Республикасының Инженерлік Академиясының, Экология, Адам және Табиғат Қаупсіздік Ғылымдарының Халықаралық Академиясының (ЭАТҚҒХА) 4 академигі және мүше- корреспонденттері, 70 астм техника ғылымының кандидаттары, доценттері, магистранттары еңбек етеді. ҚарИУ 2006 жылы екі оқытушысы «МҚӨ» кафедрасының меңгерушісі В.А. Талмазан және «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі З.С. Гельманова, 2007 жылы «ӨАҚ» кафедрасының меңгерушісі Л.В Горшкова, 2009 жылы «МжМТ» кафедрасының меңгерушісі А.Х. Нурумгалиев «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері болды және алыс және жақын шетелдерде: : Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Франция, Бельгия, Люксембург, Голландия, Италия, Сингапурде машықтанудан өтті.
Оқу түрлері және мерзімі
ҚарИУ мамандарды дайындау қазақ, орыс тілдерінде, күндізгі және сыртқы оқу түрі және қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Мамандарды дайындау мемлекеттік грант және келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
ҚарИУ дистанциялық оқыту түрі жүзеге асырылады.
Дистанциялық оқыту түрі (арақашықтықта оқыту) – бұл ақпараттық және педагогикалық технологиялар жиынтығы, оқушы және оқытушының өазара синхронды және асинхронды интерактивті әрекет ету үрдістерін оқыту құралдарымен олардың бір уақытта және кеңестікте инвариантты орналасуын ұйымдастыруға бағытталған.
Біздің оқу орнында дистанциялық оқыту кейс-технологиялар бойынша жүзеге асырылады және казіргі уақытта желісті технологияны енгізуге арналған жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.
Кейс-технологияларға арнайы («кейс») және нақты құрылымды жиынақталған оқу-әдістемелік материалдар топтамасы, оны оқушыға өз бетімен оқу үшін жіберіледі (беріледі) және қажетті жағдайда кезеңді арнайы дайындықтан өткен оқытушы-кеңесшіден кеңес алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Желісті технология оқушыны оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін Ғаламторлы желісті пайдалануға, сонымен қатар оқытушы мен студент арасындағы интерактивті өазара жұмыс жасауға бағытталған.
Дистанциялық оқу түрі бойынша білім алу заманауи оқыту түрлері болып саналады, ол уақыт шығынын үнемдеуге, біруақытта сапалы білім алуға жағдай жасайды. Дистанциялық оқыту өндірісте жұмыс жасайтын, алыс жерде тұратын, дәргерлік-әлеуметтік комиссия қортындысы бойынша денсаулығы күндізгі оқу түрінде оқуға мүмкіндік бермейтін жеке тұлғалар үшін қолайлы.