“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Абдикарим Нурзия Абдикаримовна

Білімі:

1988 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша Архангай педагогикалық техникумын үздік нәтижемен тәмамдаған. 1989 жылы МХР Ховд мемлекеттік университетіне түсіп, ІІІ курстан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ауысты және аталған мамандықты 1995 жылы бітіріп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Филолог» дипломын алды.

2010 ж. 20 қазанында 10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Академиялық тәжірибесі:

1988 ж. бастап университеттегі оқуымен қоса орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі;

1.09.1992 – 30.08.1995 дейін Шет ауданындағы Шет ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

01.09.1995 – 01.11.1995 ж. дейін Теміртау қ. Әубәкіров ат. гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

01.10.2001 – 28.08.2007 дейін Қазақстан-Ресей институты Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының Теміртау қ. филиалында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, аға оқытушысы;

01.09.2007 – 30.08.2009 дейін ҚМИУ жанындағы лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

01.09.2009 – 30.08.2011 дейін ҚМИУ жанындағы ГТК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

01.09.2011 – 2017-2018 оқу жылының басына дейін Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доценті;

2017-2018 оқу жылынан бастап Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі міндетін атқаруда.

Оқытатын пәндері: Қазақ тілі мен әдебиеті, кәсіби қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас.

Ғылыми зерттеу жұмысы: алтай тілдерінің синтаксистік жүйесін салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы-типологиялық тұрғыдан зерттеумен айналысады; 60-ға жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалаларының авторы, техникалық және экономикалық бағытта оқитын студенттерге арналған 5 оқу-әдістемелік құралын құрастырып, оқу үдерісіне енгізген; 2012-2014, 2015-2017 жылдары секцияда орындалған мемлекеттік бюджеттік ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі болды.

Куәліктері немесе кәсіби тіркеуі:

Қазақстан-Ресей университетінде біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат (04-11 желтқсан 2006 ж. №195);

Қарағанды облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат (05-15 қазан 2009ж. №0141243);

«Өнертану, филология және мәдениеттанудың көкейкесті мәселелері» тақырыбындағы ХҒПК қатысушысы сертификаты (18 қаңтар 2012ж., Новосибирск қаласы РФ);

Ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters ресурстары бойынша Онлайн-семинардың қатысушысы сертификаты. (Scitntific&Scolarly Research, 27-31 мамыр 2013);

«Заманауи ғылыми ойлар: мәселелері және даму келешегі» тақырыбында ХҒПК қатысушысы, (30 тамыз 2013 жылы, Челябинск қаласы РФ);

«Ана тілі аясы: оқыту, зерттеу мәселелері» тақырыбында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар (72 сағат) сертификаты (06 наурыз 2017 ж).

2018 ж. 29-30 қараша. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 55 жылдығына арналған «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі-халықтың әл-ауқатын арттырудың басты шарты» атты Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға табысты қатысқандығы жөнінде сертификат.

2019 жыл, 29 наурыз. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу үшін білім беру бағдарламаларының паспортына сараптама жасау» оқыту семинарына қатысқандығы туралы сертификат.

05.04.2019ж. «Pre-Intermediate hevel А-2» негізінде ағылшын тілі курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификат.

2019 жыл 22-26 сәуір, «Бизнес негіздерін оқыту және «жасыл» технологияларды қолдану арқылы бизнесті жүргізу» ауыл әйелдеріне арналған семинар-тренингке қатысқандығын растайтын сертификат.

13.05.2019ж. «жаһандық ғылым және инновациялар 2019: Орталық Азия» атты алтыншы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін сертификат.

2019ж. «Интуит» Ұлттық Ашық университетінде «компьютерлік сауаттылық негіздері» курсы бойынша 72 сағат көлемінде оқудан өткендігі туралы сертификат.

2019 жыл. Бесдеңгейлік «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешенінің А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлеріне арналған оқулық, дәптер, аудиодиск құрылымы бойынша шеберлік сыныбына қатысқаны үшін сертификат.

2019 жыл, 29-30 қараша. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Білім беру трансформациясы: мазмұны, технологиялары, сапасы» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысқандығы туралы сертификат.

06.12.2019ж. «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында 240 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын сертификат.

Марапаттары:

Қазақстан Ресей институтының ректорының мадақтамалары, алғыс хаттары;

«Теміртау» газетінің бас редакторының алғыс хаты;

«НұрОтан» ХДП Теміртау қалалық филиалының мадақтамасы;

ҚМИУ жанындағы ГТК директорының «Үздік куратор» мадақтамасы

ҚМИУ ректорларының (Б.А. Найзабеков және М.К. Ибатов) мадақтамалары;

Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты;

Тұңғыш Президенттік тарихи-мәдени орталығының мадақтамасы;

Теміртау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы ( ж.);

ҚМИУ ректорының «Үздік куратор» мадақтамасы;

ҚМИУ ректорының Алғыс хаты (Жаутиков Б.А.);

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2017 ж.);

2018 жылы Теміртауда сауаттылықты тексеру бойынша акцияны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін Жаппай диктант штабы алғыс білдірді;

Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін құрмет грамотасы

Электрондық пошта: nursana@yandex.ru