БУЛЕКОВА ГЛУЗАТ АБИЛКАСЫНОВНА
Техника ғылымдарының магистрі, “Металлургия және материалтану” кафедрасының оқытушысы.
Білімі
2018 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін “Кәсіптік оқыту” (түрлері бойынша) мамандығы бойынша бітірген, “бакалавр” біліктілігі берілген.
2018-2020 жылдары Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде магистратура оқып, “Металлургия” мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолы
2017-2020 жылдары “Теміртау жоғары политехникалық колледжі” КМҚК – химик лаборант болып еңбек жолын бастады
2020-2021 жылдары “Мектеп–интернат-колледжінде” Арнайы пәндер оқытушысы және өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды индустриялық университетінің “Металлургия және материалтану” кафедрасының оқытушысы болып табылады.
Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 2 жыл. Негізгі ғылыми бағыты – кешенді ферроқорытпаларды балқыту үшін шикізатты зерттеу және талдау. Қазақстанда осы тақырып бойынша халықаралық конференцияларда баяндамалар жасалды және 5-тен астам мақала жарияланды, олардың 1-і Scopus-та.