“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Түркиядан келген Профессор Қарағанды индустриалды Университетінде металлургия бағыты бойынша дәріс оқиды

[Дата публикации: 09.11.2022, 19:08:59, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

 

2022 жылдың қазан және қараша айларында Қарағанды индустриалық университетінің металлургия бағытының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін академиялық ұтқырлық аясында Стамбул техникалық университетінің профессоры Онуралп Юджел (Onuralp Yücel) дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар мен семинарлар жүргізеді. Стамбул техникалық университеті 1773 жылы негізі қаланған әлемдегі ең көне университеттердің бірі. Профессор Онуралп Юджел Химия-металлургия факультетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасында жұмыс істейді. Профессор кең ауқымды мәселелермен айналысады, соның ішінде: пайдалы қазбаларды өңдеу, қара және түсті металдарды балқыту, металлургиялық өндірістің технологиялық процестерін қайта өңдеу және т.б. Профессор айналысатын ең өзекті мәселелер қалдықсыз металлургиялық өндіріске қатысты мәселелер, атап айтқанда: металлургиялық өндірістің айналмалы экономикасы. Профессор Онуралп Юджел – Scopus ғылымометриялық дерекқорына енгізілген рецензияланатын халықаралық журналдардағы 170-тен астам ғылыми жарияланымның бірлескен авторы. Профессор жүргізген ғылыми зерттеулердің өзектілігін оның h-индексі 17 болатын жарияланымдарына сілтеме жасау дәлелдейді. Сондай-ақ профессор біздің университетте болған уақытында университетіміздің оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.


Просмотров: 344
09.11.2022, 19:08:59, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар