Қарағанды индустриялық университетінде туған жер туралы “Қуатты Қазақстан” жаңа ән туды.
[Дата публикации: 15.11.2022, 12:15:03, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Қарағанды индустриялық университетінде туған жер туралы “Қуатты Қазақстан” жаңа ән туды.
Жаңа әннің авторлары ректор Болатбек Абдрасилов және “Энергетика, көлік және басқару жүйелері” факультетінің деканы Болат Махмудов болды.
Авторлардың айтуынша, поэтикалық шығарманың тууына туған елге деген үлкен сүйіспеншілік негіз болды.
«Казіргі қоғамда болып жатқан үдерістерге байланысты біз әріптесім Болатпен бірге ол туындыны қайта қарап, еліміздегі жаңа болғалы жатқан оң өзгерістерден шабыт пен қуат алып, жүректен шыққан ойлар мен сезімдеріміз жаңа өлеңнің тууына арқау болды»,- дейді Болатбек Серикбаевич.
Өлеңді оқып, жылы қабылдаған біздің жастарымыз өлеңге жақсы ән жазу керектігі жөнінде өз ұсыныстарын берді. Өлеңге ән жазу үшін, бірнеше варианттар қарастырылды, олар көңілден шықпады.
Арада аз уақыт өтпей ақ, Сыр елінің тумасы, әндері халқымыздың көңілінен шыққан, жоғары баға алған «Анашым», «Ұлы қазағым», «Жайна Қазақстан» және т.б. әндердің авторы Талғат Нағашыбаев хабарласты. Ол осы жазылған өлең сөздеріне жоғары баға беріп, әнге сұранып тұрғанын айта келіп, мен өленге ән жазсам қалай қарайсыз? -деп ниетін білдірді. Ол кісі әннің бірнеше нұсқаларын ұсынып, біз өз көңілімізден шыққан нұсқаны таңдап алынды. Бұл нұсқа біздің оқу орнының жастарына да қатты ұнап, жас әнші Ершат Қонақбаевтің орындауында өз идеяларымен флеш-моб биін ұйымдастырып видеоклип дайындады. Жаңа ән орындаушылық динамизмімен ерекшеленеді, жастардың көңіл-күйі мен рухын көтереді. Біз оның барлығына ұнайтынына және Қазақстан жастарының әнұранына айналатынына сенімдіміз!
Осы біздер жазған «Қуатты Қазақстаным» атты әнге дайындалған студенттеріміздің видеоклипін ұсынып отырмыз!
Қабыл алыңыздар!
Просмотров: 468