“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

“ЖИН” кафедрасының ОПҚ әдістемелік апта шеңберінде практикалық ашық сабақта студенттерге педагогикалық дағдылар береді.

[Дата публикации: 21.11.2022, 23:04:15, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

2022 жылғы 18 қарашада Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің әдістемелік апталығы аясында жоғары курс студенттерін оқытуға тарта отырып, 1 курс студенттеріне “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” пәні бойынша ашық практикалық сабақтар өткізілді.

Бұл әдістемелік іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің университетте алған білімдерін шоғырландыру және кеңейту, сондай-ақ олардың алғашқы педагогикалық дағдыларын игеру болды.

Сабақты “Жасанды интеллект технологиясы” кафедрасының өкілдері ұйымдастырды: аға оқытушы Титова Жанна Ивановна, оқытушы Попова Нина Евгеньевна. Практикалық сабақты өткізуге қатысқан ассистенттердің функцияларын “Бағдарламалық инженерия” білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Пи-21 тобының студенттері орындады: Каландей Богдан, Каге Никита, Төлеу Алмаз, Дмитриев Данил.

Тәжірибелік сабақты өткізу барысында бірінші курс студенттері 2-курс студенттерінің басшылығымен “Кестелік редакторлармен жұмыс”, “Деректер базасы”, “Компьютерлік желілер” сияқты тақырыптар бойынша тапсырмаларды орындады.

Оқытушыларға көмек көрсеткен екінші курс студенттері бірінші курс студенттеріне түсіндіріп, оларға оқытушы берген барлық тапсырмалардың орындалу тәртібін іс жүзінде көрсетіп, сонымен қатар сабақ барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырманы сәтті орындады.


Просмотров: 712
21.11.2022, 23:04:15, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар