“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

2022 жылғы 9 қарашада әдістемелік апта «Экономика және құрылыс» факультеті шеңберінде доцент М.Б. Тұр…

[Дата публикации: 09.11.2022, 14:58:50, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

2022 жылғы 9 қарашада әдістемелік апта «Экономика және құрылыс» факультеті шеңберінде доцент М.Б. Тұрабаева және аға оқытушы А.С. Ақмағанбетова «Менеджмент» және «Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» пәндері бойынша «Білімді жастар еліміздің болашағы» тақырыбында аудиториядан тыс сабақ іскерлік ойын түрінде өткізілді. Іскерлік ойын сабағына Пи-20к және ТФП-20к-3,4 топтары қатысты.

Іскерлік ойынның мақсаты тапқырлықты және қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал ету.

Ойын шартты түрде бірнеше бөлімдерден құралды, ол Менеджмент және өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау бойынша теориялық материалдарды білуге септігін тигізді.

Сонымен, іскерлік ойын оқу процесінде мотивациялық және оқытушылық, тәрбиелік және білім беру функцияларын орындайды. Студенттер театр технологиясымен танысты және сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Өткізілген ойынның өзі психологиялық диапазонды кеңейтуге және коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпы, іскерлік ойын студенттер үшін өте қызықты болды.

 

 


Просмотров: 279
09.11.2022, 14:58:50, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар