“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

2022 жылдың 29 – қарашасы күні Қарағанды индустриалды университетінде «Білім берудегі инновациялық тәсілдер» атты Республикалық ғылыми – әдістемелік конференция өтеді.

[Дата публикации: 15.11.2022, 17:02:33, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Конференция білім беру ортасы өкілдерінің ашық диалогы үшін кеңістік құру, білім берудегі үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында өткізіледі. Конференцияға қатысушылар академиялық үдерістерге инновациялық білім беру әдістеріне байланысты жаңа тәсілдерге, білім беру технологиялары саласындағы жаңа әзірлемелер мен жетістіктерге, инновациялық білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету нысандарына, білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқылайтын болады. Конференцияда, сондай-ақ ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдануға, мәдениетаралық коммуникацияға, парасаттылыққа тәрбиелеу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылады.

Конференция жұмысы келесі фокус-топтарда өтеді:

1. Академиялық адалдық университеттің тұрақты дамуының негізі ретінде.

2. Оқыту мен оқуды цифрландыру.

3. Білім берудегі жаңа технологиялар мен трендтер.

4. Мамандарды даярлау сапасын арттырудағы оқу-әдістемелік бірлестіктердің рөлі.

      Конференция жұмысы аясында «Металлургия» бағыты бойынша Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтеді.

[


Просмотров: 412
15.11.2022, 17:02:33, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар