“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

09 қараша 2022 жылы әдістемелік апта аясында «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Касенова…

[Дата публикации: 10.11.2022, 14:58:09, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

09 қараша 2022 жылы әдістемелік апта аясында «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Касенова А.Н. «Азаматтық ғимараттардың сәулеті» пәнінен ДПГС-21к тобының қатысуымен «Жаңа құрылымдарды құрылыста қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты студенттерді сәулет-құрылыс объектілерін жобалау және салу үшін қажетті энергия үнемдеу және энергия тиімді құрылыс ұғымдарымен таныстыру болды.

Энергия үнемдейтін құрылыс саласында стратегиялық ойлауды қалыптастыру мақсатында студенттерге тәжірибелік сабаққа презентация түрінде алдын ала тапсырмаларды орындау ұсынылды. Тәжірибелік жұмыс тақырыптары құрылыстағы энергияны үнемдейтін материалдарға (Ақылды шыны, энергияны үнемдейтін үйлер), бірегей ғимараттар мен құрылыстарға, ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған жаңа материалдар мен технологияларға (модульдік ғимараттар, 3D қабырғалар) қатысты болды. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау студенттерге саналылық пен кәсіби іс-әрекетінде туындайтын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Мысалы, практикалық жұмысты орындауда студент Балағазы Бүлдіршін толық ақпарат алу үшін Smart Glass ұйымына хабарласса, ал студент Төребай Динара модульдік ғимараттарға салыстырмалы талдау жасады. Студент Қалмырза Нұрсұлтан құрылыста энергияны үнемдейтін материалдарды пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, «Энергия үнемдейтін үйлер – біздің болашағымыз» екеніне тоқталды. Студент Акишева Ақмарал бірегей ғимараттар санатына жататын нысандарға тоқталса, студент Умаров Дамир сыртқы және ішкі 3D қабырға панельдерін атап өтті.

Студенттер белсенді жұмыс жасап, сұрақтарға жауап берді, барлық жұмыстар презентациялармен сүйемелденіп, ашық сабақта тыңдалды.


Просмотров: 460
10.11.2022, 14:58:09, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар