ҚАЛА ӘКІММЕН КЕЗДЕСУ
[Дата публикации: 21.10.2022, 18:37:48, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Бүгін Қарағанды индустриялық университетіне Теміртау қаласының әкімі Таурбеков Ораз Қайсаұлы кездесу өтті. Қала әкімі университетің тыныс-тіршілігімен, оқу бағдарламасымен танысты.
Университет ректоры өз сөзінде университеттің жас, қарқынды даму үстінде екендігін айта келе, университеттің дамуында студенттердің үлесі зор екендігі атап өтті. Сонымен қатар студенттерден университетте алып жатқан білім сапасы жайлы сұрап, қанағаттанарлық жауап алды.
Кездесудің келесі кезеңі студенттердің қала әкіміне сұрақтарымен ұласты. Студентер өз кезегінде көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Екі жақты тиімділікке негізделген жиында қойылған сауалдарға Басқарма мүшелері жан-жақты жауап берді. Қала әкімі Ораз Қайсаұлы студенттерге кездесу барысында айтылған ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Кездесу соңында университет ректоры студенттерді жан-жақты белсенділікке және үлкен ұжымның бір бөлшегі ретінде бірге жұмыс жасауға шақырды.
Жиында жоғары оқу орындары ректорларының ұсынысы бойынша Ораз Қайсаұлы жоғары оқу орындары тап болатын неғұрлым проблемалы мәселелердің тізбесін жасауды тапсырды.
Просмотров: 703