«ҚАЗАҚТАНУ» МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ МҰРАЖАЙЫНА БАРДЫ!
[Дата публикации: 28.10.2022, 14:09:22, жариялауды: Sergey Plotnikov]
5 қазан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қарағанды индустриялық университетінің 1 курс студенттері Астана қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайына барып қайтты.
Шара барысында Астана қаласының тарих мұражайының құрылуы мен даму тарихын, оның ғылыми-танымдық, мәдени-ағарту, оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізуде атқаратын қызметін терең де жан-жақты зерттеу, республиканың мәдени өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлін ашып көрсету.
Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі, материалдық және рухани мәдениет, табиғат коллекциялары мен тарихи мұраларды жинақтау, сақтау, олардың экспонаттарын халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекеме, яғни өткен тарихты көзбен көріп, қолмен ұстап саралайтын бірден бір орын болып табылады.
Мұражайға саяхат жасауда студенттер ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында студенттер көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты.
Танысу барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, студенттерге әр түрлі музыкалық үндендердің байланысуынан шыққан әуендерді тыңдатты.
Келесі аралау бөлімінде мультимедиялық үлкен залға кіріп, музыка, өнер құдіреті жайлы деректі фильмдер көрсетті. Студенттер мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Студенттер үшін, қоғам үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!
Ендеше, оның кімді болса да терең білімге, мәдениеттілікке, болашаққа сеніммен қарауға жетелейтіні айқын.
Просмотров: 601