ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ВАРГАНОВА ЕЛЕНА ПЕТРОВНАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
[Дата публикации: 10.10.2022, 10:49:31, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Бүгін Қарағанды индустриялық университетінде Теміртау қалалық мәслихат депутаты Варганова Елена Петровнамен ҚР Президентінің Жолдауын ашу бойынша кездесу өтті. Кездесуге факультет декандары, факультет декандарының орынбасарлары, кафедра оқытушылары, белсенді студенттер қатысты.
Бірінші болып сөз бастаған қалалық мәслихат депутаты Елена Петровна яғни біздің мақсатымыз қазіргі ғылым экономиканы жедел алға жетелейтін алып индустрияға айналдыру. Қазақстан жаһандық экономикада үрдерістерге сай болу тиіс. Бізге де осы ғылыми-технологиялық жаңашылдықты әкеліп, өндіріске қосатын жаңа әрі білікті мамандар қажет. Себебі, адам капиталы ең құнды байлығымыз. Бұл реформалар халықтың тұрмысын түзеуге әр адамның құқығын толық қорғауға, демократиялық үрдістерді жедел жүргізуге бағыталған. Бір сөзбен айтқанда барлығы тек халық игілігі үшін жасалып жатқандығын айта кетті.
Жиын соңында депутатқа сұрақтар қойып, өзекті мәселелер талқыланды.
Просмотров: 459