ХАБАРЛАНДЫРУ!
[Дата публикации: 13.10.2022, 12:47:08, жариялауды: Sergey Plotnikov]
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 12-15 қазан аралығында республика күніне арналған «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант байқауын және «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын бастады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған. Ол екі кезеңде өтеді, жұмыстарды қабылдау 2022 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады.
Конкурсқа қатысуға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары шақырылады.
Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуы туралы көзқарасы мен үміттерін көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.
Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады.
Университет студенттері арасындағы байқаудың бірінші кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау 19 қазанда өтеді. Байқау жеңімпаздарына ректор атынан атаулы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.
Просмотров: 463