“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА…

[Дата публикации: 12.10.2022, 22:09:19, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұйымдастырған «Жаһандық білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара іс-қимыл» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VI Орталық Азия Халықаралық форумы өтті.Форум аясында университеттердің еуразиялық рейтинг қорытындысы бойынша үздік академиялық жетістіктері мен зерттеулерге бейілділігі үшін Қарағанды индустриялық университеті осы агенттіктің «Сапа жұлдызы» құрмет белгісімен марапатталды. Форумға Қазақстан, Германия, АҚШ, Үндістан, Түркия, Латвия, Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да елдердің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету желілері қатысты.

Қарағанды индустриялық университеті тау-кен, металлургия, химия, энергетика, машина жасау, көлік, құрылыс саласы және де, экономика саласы үшін инженерлік техникалық кадрларды дайындау бойынша Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда жиырма бес бакалавриат, жиырма үш магистратура, бес докторантура білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлаймыз. Университет металлургия саласы бойынша елдегі жалғыз өнеркәсіптік алаңды қамтитын заманауи оқу орны.

Ғылыми зертханалық базаға, 60 мамандандырылған зертханаға оның ішінде нанотехнологиялардың инженерлік бейіміндегі зертханаларға ие. Университет Германия, Чехия, Польша, Қытай, Ресей, Украина, Беларусь  және алыс жақан шетелдік елдермен тығыс байланыста. Жыл сайын біздің университетке түсуші түлектердің саны артып келеді.

Биыл бізге мыңға жуық студент оқуға түсті. «Серпін» бағдарламасы аясында оңтүстік, батыс өңірлерден оқуға түсуші түлектердің қарасы көп. Біздің университет ғылым мен техникалық базасы дамыған білім ордасы. Сан саланы қамтыған білім ордасына түсуші түлектер фармацевтикалық өндіріс технологиясы, құрлыс, экономика және ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарына қызығушылық танытуда.

Біздің университет студентері үшін барлық жағдай жасалған. Университет жаңа техникалық құрылғылармен толықанды қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Теміртау қаласы үшін университет өндірістік білім ордасы ғана емес, заманауи жетекші университет. Теміртау қаласы мәслихат хатшысы Ломакин Алексей Барисович университет белсенділерімен тығыз баланыста.

Жиын соңында, Ломакин Алексей Барисович университет ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевичке «Сапа жұлдызы» марапатымен құттықтап, ізі тілегін білдірді.


Просмотров: 428
12.10.2022, 22:09:19, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар