“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ТАРИХИ ҚАДАМ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

[Дата публикации: 21.10.2022, 16:34:09, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

20 қазан Қарағанды индустриялық универсиетінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Тарихи Қадам» зияткерлік ойын сайысы өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты, ұйымдастыршысы Асқар Қанатұлы «Елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының өзектілігін көрсете отырып, Республика күні – Ұлттық мереке мәртебесін қайтарудағы маңыздылығын жастарға түсіндіру» -деді.

Сайысқа алты команда Дала қырандары, Саналы жасар, Алаш тобы, Windows 22, Заман біздіккі және ТОП-21К қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды.

Құттықтау сөз «Қазақстан тарихы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Солтан Магира Солтанқызына беріліп, сайысқа қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Сайыс өте қызықты және тартысты өтті.

Команда құрамында оқ бойы озып келген 1 орынды «Дала қырандары» алса, 2 орынды «Алаш тобы» кезекші 3 орынды «ТОП-21К» иеленді. Ал 4-5 орынды Саналы жасар, Windows 22 және Заман біздікі командалары иеленді.

Сайыс жеңімпаздарын «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің деканы Махмұтов Болат Бижанұлы арнайы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

                                                                                   


Просмотров: 619
21.10.2022, 16:34:09, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар