ТІЛ-РУХАНИ ҚАЗЫНА!
[Дата публикации: 05.09.2022, 18:34:32, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Бүгін қаламыздағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл-рухани қазына» атты диалог алаңы атты іс-шара өтті.
Негізгі мақсаты – жастардың ана тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру бағыталған. Мерекелік шараға Қарағанды индустриялық университетінің белсенді 1 курс студенттері қатысты.
Диалог алаңында Қазақстан халқының тілдері күнінің маңызы жайлы бейнебаян көрсетілді. Іс-шараға мемлекеттік тілді жетік меңгерген университет студентері қатысып, өздерінің қазақ тілін меңгерудегі тәжірбиелерімен ой бөлісіп,залға жиналғандардың сұрақтарына жауап береді.
Шара соңында белседілік көрсеткен студенттер бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттарға ие болды.
Просмотров: 394