“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЛЕТІ ӨТТІ!

[Дата публикации: 09.09.2022, 13:31:41, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

\    

9 қыркүйекте Теміртау қаласында Шығыс-1 демалыс аймағының базасында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметкерлердің слеті өтті.

Слет «Aманат» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылды. Оған қалалар мен аудандардың ЖРО жастармен жұмыс жөніндегі инспекторлары, ЖОО ЖІК басшылары мен өкілдері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері «Көбелек балалар»  қайырымдылық қорының жетекшісі Аллабергенов Сұлтан Мұратұлы мен қоғам қайраткері Байрамов Камиль Вагипович қатысты.

Бұл слет МЖС іске асырудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру, жаңа және инновациялық тәсілдерді іздеу, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында өтті. Слет жұмысы аясында шешендік өнер бойынша шеберлік сыныптары, жеке және көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша семинар-тренингтер, жастармен жұмыс жасауда шығармашылық тәсілді қалыптастыруға бағытталған түрлі диалог алаңдары ұйымдастырылды.

Осы іс-шараға белсенді қатысқан Қарағанды индустриялық университет стденттері Джумабай Динара мен Турекул Венераға куәлік табыс етілді.


Просмотров: 612
09.09.2022, 13:31:41, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар