«МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ!
[Дата публикации: 01.09.2022, 20:16:24, жариялауды: Sergey Plotnikov]
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында барлығын синтетикалық есірткіге қарсы пікір білдірген болатын. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қол жетімді болады. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады және тіпті үйге жеткізіледі.Сондықтан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет екенін айтқан болатын. «Biz BIRGEMIZ» жастар лигасы және «Ассамблея Жастары» РҚБ Қарағанды облысы бойынша өкілдігі синтетикалық есірткіге қарсы жалпыұлттық күресті қолдайды және азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен «Серғали Түркістан» РҚБ қолдауымен «Мен өмірді таңдаймын» жобасын іске асыруда.
Жобаны іске асыру аясында жастармен бейресми кездесулер сериясы, сондай-ақ Tik Tok байқауы жоспарланған, осылайша оқушылар мен студенттер синтетикалық есірткінің зиянына қатысты өз ұстанымдарын өз бетінше көрсете алды.
Бүгін 16 қыркүйекте «Тең-теңімен» қағидаты бойынша студент жастармен бесінші бейресми кездесу ұйымдастырылды. Қарағанды индустриялық университетінің 1-4 курс студенттері есірткі ұғымымен және есірткі заттарын сақтау, өткізу және пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілікпен танысты, есірткіні қолдануға байланысты ең өзекті мәселелерді белсенді талқылап, талқылады. Семинар соныңда сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алды.
Просмотров: 502