“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАР-ЖАҢА ӨМІР!

[Дата публикации: 23.09.2022, 16:53:18, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Бүгін 23 қыркүйекте Қарағанды индустриялық университетінің кітапхана оқу залында студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Жаңа оқулықтар-жаңа өмір» атты ақпарат күні өтті.

Бұл күні барлық курс студенттер мен оқытушылар үшін кітапхана залына экскурсия жүргізіліп, 2021-2022 жыл аралығындағы жаңа келген құнды әдебиеттер туралы қызықты және студентерге арналған қажетті оқу құралдарымен таныстырды.

Мұнда студенттерге керекті кез-келген оқу-әдістемелік және ғылыми бағыттарда жазылған сан алуан оқу құралдары ұсынылды. Барлығы 200 аса кітап атауы, үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Осы жоба шеңберінде бүгінгі күнде аталған бағыттар бойынша информатика, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология, журналистика және т. б. техникалық мамандықтар негізінде үздік кітаптар сөреге қойылған.

Осы кітапханалық іс-шара ҚарИУ барлық факультеттерінің белгілі бір білім беру бағдарламасының профилі бойынша студенттерді кітапхана ордасында білім алуға, өзіне керекті кітаптің қол жетімді екенін көруге болады.


Просмотров: 439
23.09.2022, 16:53:18, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар