ТҮЛЕКТЕР ТҮЛЕП ҰШҚАН КҮН
[Дата публикации: 05.07.2022, 17:50:00, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Бүгін Теміртау қаласындағы Қарағанды индустриялық университетінің студентері диплом алды. Қарағанды индустриялық университеті – еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының қатарында. Бұл білім ордасының 60 жылдық тарихы бар. Бүгінде бұнда 3 мыңға жуық студент бар. Оның 676-сы биыл қолдарына диплом алды. Салтанатты табыстау рәсіміне Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Абдрасилов Болатбек Серікбаевич 4 жыл оқыған бакалавр және магистранттарды білім алғандығын растайтын негізгі құжатты табыс етті. Біз техник мамандарды дайындайтын алдыңғы қатардағы университеттің өндірістік орындардың барлығымен дерлік тығыз қарым-қатынаста. Олармен түлектерді жұмыспен қамту бойынша қыруар жұмыстар атқаралып, жазда 181 бакалавр, 22 магистрант диплом алды. Салтанаты жиын барысында стратегиялық даму жөніндегі проректор Сивякова Галина Александровна – біз 16 мамандық бойынша электрик, жылу энергетика, құрылыс, металлургтер дайындап,оларға деген сұраныс жоғары екенін айтты. Жұмыспен қамту үлесі 90 пайызды құрайды. Яғни, түлектер міндетті түрде қызметке орналасады. Өнеркәсіп орындарының өкілдерімен жиі кездесу өткізетінін айта кетті. Оңтүстік өңір, Тараз қаласында тумасы Айдын Есмхановна 2015 жылы «Серпін бағдарламасы бойынша 4 жылдық оқуды жылу энергетика мамандығына оқуға түсіп, әрі қарай оқуын жалғасытып магистрант атанды. Айдын Есмхановна айтуынша, бұл университетті таңдағаным бұндағы оқытушылар, жалпы білім базасы өте мықты. Тәжірибе де, ғылыми жұмыстар да жүргізілетінін атап өтті. Салтанаты диплом беру рәсімі көңілді ән шашумен аяқталды.
Просмотров: 1 613