БҮГІНГІ ТАҢДАУ-БҰРЫНҒЫЛАРДАН ӨЗГЕШЕ…
[Дата публикации: 05.06.2022, 13:57:34, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Бұл айтулы күн ел тарихындағы маңызды қадамдардың бірі. Қарағанды индустриалды университетінің студенттері мен оқытушылары референдумға белсенді қатысты. Студенттер атап өткендей, дауыс беруге қатысу — бұл жаңа Қазақстанды құру жолындағы саналы қадам. Дауыс беруге біздің университеттің ректоры Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы қатысты.
Студенттер №319 сайлау учаскесінде дауыс берді. Студенттік Парламент Президенті 18 жасқа келген Тілеубек Арайлым айтулы күнде алғаш рет дауыс берді.
«Мен үшін референдумға қатысу өте маңызды оқиға. Мен аздап уайымдаймын, өйткені елдің болашағы менің дауысыма байланысты екенін түсінемін. Мен бірге оқитын топтағы достарымен дауыс беруге келдім, ешкім маңызды оқиғадан тыс қалмады. Мен барлық студенттерді мерекесімен құттықтағым келеді»- деді сөзін қысқа қайырған Арайлым. Референдумға қатысушы белсенді жастар мен тұрғындардың қарасы көп.
Бүгінгі референдумға университеттің студенттер үйінде тұратын 350 аса студент белсенді түрде қатысты. Ең алғаш қатысып тұрған студенттерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Просмотров: 1 452