“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА…

[Дата публикации: 02.06.2022, 09:38:31, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

   

“Күміс университет” өз жұмысын жалғастыруда: тыңдаушылардың екінші ағымының компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтары басталды

Қарағанды индустриялық университетінде “Күміс университет” жобасын жүзеге асырылуы жалғасуда.

2022 жылдың 1 маусымында “Компьютерлік сауаттылық” курсы бойынша оқуға 20 адамнан астам тыңдаушылардың екінші ағымы кірісті. Практикалық сабақтар басталар алдында курс тыңдаушылары университетпен танысты. Стратегиялық даму жөніндегі Проректор Галина Александровна Сивякова жоғары оқу орнының құрылу тарихымен, ал кітапхана меңгерушісі Светлана Анатольевна Носкова университеттік кітапханамен таныстырды.

Экскурсия соңында тыңдаушылар 2 кіші топқа бөлінді және тыңдаушыларға кіріспе сабағы өткізілді. Кіріспе сабақта Күміс университетінің курсанттары дербес компьютердің құрылғысымен танысты, тінтуір мен пернетақтамен, сондай-ақ флеш-тасымалдаушылармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игерді.

Курс аясында барлығы 10 сабақ өткізіледі, онда тыңдаушылар интернеттегі іздеу жүйелерімен жұмыс істеу, электрондық поштаны құру, әлеуметтік желілерді пайдалану, Электрондық үкімет сайтында түрлі қызметтерді алу дағдыларын ала алады.

Компьютерлік сауаттылық курстарынан басқа, “Күміс университет” жобасы шеңберінде қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік мектебі, шахмат клубы сияқты бағыттар бойынша топтар жасақталады.

   


Просмотров: 1  427
02.06.2022, 09:38:31, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар