СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
[Дата публикации: 27.05.2022, 15:26:39, жариялауды: Sergey Plotnikov]
2022 жылы 25 мамырда Қарағанды индустриялық университетінде 5В070900 – «Металлургия» ББ бойынша студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы аяқталды.
Аталған конкурсқа еліміздің 5 ЖОО: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті және Қарағанды индустриялық университетінен 14 студенттің жұмысы қабылданып, сарапталды.
Конкурстың сарапшылық комиссия құрамына металлургия саласының елімізге белгілі ғалымдары мен Қарағанды аймағының салалық мамандары енгізілген.
Комиссия жұмысы онлайн режимінде академиялық адалдық принципіне негізделген жүйеде ұйымдастырылды.Сарапшылар кодталған әрбір ғылыми жобаны автоматтандырылған бағалау жүйесінде бағалады.
Конкурс нәтижесінде келесі студенттер жеңіске жетті:
Министрліктің І дәрежелі Дипломымен:
1. Ғұбайдуллин Д.Е./ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Министрліктің ІІ дәрежелі Дипломымен:
1. Құрманбай Е.Ж./М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті;
2. Сағади М.Е./Қарағанды индустриялық университеті
Министрліктің ІІІ дәрежелі Дипломымен:
1. Нуржанов А.А. / Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
2. Төленді Қ.С. / Қарағанды индустриялық университеті;
3. Абдуганиев Б.М. / Қарағанды индустриялық университеті.
Барлық жеңімпаздарды құттықтай отыра, олардың ғылыми жетекшілеріне, оқытушылық ұжымға және конкурсқа жолдаған ЖОО ректорларына зор алғысымызды білдіреміз.
Қарағанды индустриялық университеті «Металлургия» білім бағдарламасы бойынша базалық оқу орны болғандықтан, аталған бағыттағы республикалық оқу-әдістемелік бірлестік кеңесі де осында. Университетіміз металлургия бағытында елімізге танымал ғалымдар мен кәсіпорын басшыларын даярлаған кәсіби білікті, ғылыми әлеуеті жоғары оқу орны екендігімен беделді.
Просмотров: 298