“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

РЕФЕРЕНДУМ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ!!!

[Дата публикации: 20.05.2022, 10:08:23, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Бүгін мамыр айының 19 жұлдызында Теміртау индустриялық университетінінде студенттердің қатысуымен «Аманат» партиясының референдум бойынша отырысы өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының мүшесі Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы, «Аманат» партиясы Теміртау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ажиков Нуржан Хамидуллаевич, Теміртау қаласы мәслихат хатшысы Ломакин Алексей Барисович Басқарма Төрағасы-КарИУ ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич және университет студенттері қатысты.
Жиын барысында бірінші болып сөз тізгінін алған Төрағасы-КарИУ ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич құттықтау лебізінен кейін алдағы болатын ел болашағы үшін жаңа бастамаларға дайын болу керектігін тоқталып, ел үшін референдумның маңызды қадам екенін тілге тиек етті. Екінші болып сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының мүшесі Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы студенттермен референдум туралы бұл тек саясат үшін ғана емес, геосаясат үшін де, бүкіл әлем үшін де өте қызықты кезең екендігін айта кетті.
Референдум өткізу жақсы идея. Бұл халық үшін оң қадам. Мұны орталықсыздандырудың бір түрі, билікті халықтың қолына қайтару деуге болады. Менің ойымша, айтылған ұсыныстарды іске асырудың ең тиімді жолы саяси референдум өткізу. Одан бәрі ұтады. Өйткені халық референдумды қолдаса, әрі қарай бұл әлеуметтік тұрақтылыққа әкелуі мүмкін екеніне тоқталды.
Университет ордасына келген Парламенті Мәжіліс депутаты Гүлнар Қадыржанқызы студенттерге қазіргі қабылданатын реформалар жастар үшін де, өте тиімді жақтарына айтып, ең алғаш қадам басып келген университке алдағы уақыта да бірлесе, жұмыс жүргізетін жеткізді. Келесі болып сөз бастаған мәслихан хатшысы Ломакин Алексей Барисович университет қабырғасында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын және студенттермен тығыз қарым-қатынаста екендігіне тоқталды.
Жиын соңында, Төрағасы-КарИУ ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич бұл ауқымды іске студентер мен бірге атсалысатынын білдіріп, университет үшін алдағы уақытта ауқымды жұмыстар атқарылатынын айта кетті.


Просмотров: 1  687
20.05.2022, 10:08:23, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар