“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КАРИУДА “ТАЗА СЕССИЯ”АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!!!

[Дата публикации: 05.05.2022, 17:50:07, жариялауды: Sergey Plotnikov]

 

Соңғы 5 жылда Теміртау қаласының су айдындарында 16 адам суға батты (оның ішінде 4 бала), облыс бойынша соңғы 5 жылда 147 адам суға батты «оның ішінде 19 бала), республика көлемінде соңғы 5 жылда 605 бала суға кетті.

Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері алкогольдік мас күйде суға шомылу, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде суға шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, абайсызда суға құлау (оның ішінде ойын кезінде) болып табылады.

Жазғы демалыс уақыты қайғылы жағдайға айналмауы үшін қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, оларды балалар да, ересектер де үнемі оқып, қайталап отыруы керек:

  1. Тереңдіктің ауытқуы мен су түбінде жарақаттану қаупі бар болғандықтан тыйым салынған жерлерде және стихиялық жағажайларда шомылмаңыз;
  2. Балалардың су айдындарында ересектердің қарауынсыз болуына тыйым салынады;
  3. Көпірлерден, айлақтардан, қайықтардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа да жерлерден суға секіруге болмайды;
  4. Өтіп бара жатқан қайықтар мен кемелердің жанына жүзіп бармаңыз;
  5. Су төсеніштері мен үрленетін шеңберлерді пайдаланбаңыз, өйткені олар көбінесе жағадан алыстатып әкетеді және үрленетін шеңберлер жағдайында аударылып шыға алмай қалу қаупі бар;
  6. Тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға болмайды.

Естеріңізде болсын, балалардың судағы қауіпсіздігі – бұл ата-аналардың жауапкершілігі. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және оқиғалар болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы


Просмотров: 1  043
05.05.2022, 17:50:07, Sergey Plotnikov Тараулар: Жаңалықтар