ЖАҢА БАСТАМА-ЖАҢА ҚАДАМ!
[Дата публикации: 30.05.2022, 14:57:17, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Бүгін мамыр айының 30 жұлдызында Қарағанды индустриялық университетінің базасында онлайн форматта конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жаңа Қазақстан: жаңа келбет» атты кездесу өтті. Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, магистранттар, студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттік белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын басында сөз алған Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич алдағы болатын ел болашағы үшін жаңа бастамаларға дайын болу керектігін тоқталып, ел үшін референдумның маңызды қадам екендігін тілге тиек етті. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың конституцияға енгізгелі отырған өзгерістер мен толқулар жаңа тарихтың бастауы болмақ. Бұл жаңа Қазақстаның алға деген айқын мақсаты мен кемел болашағын көрсететін мәртебелі кезең болмақ.
Келесі болып сөз бастаған Теміртау қаласы мәслихан хатшысы Ломакин Алексей Барисович университет қабырғасында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын және студенттермен тығыз қарым-қатынаста екендігіне тоқталды. Бұл жаңа реформа жастар үшін үлкен басымдыққа ие екенін жеткізді.
Осы орайда Қарағанды индустриялық университетінің 2 курс студенті парламентінің президенті Тілеубек Арайлым жаңа Қазақстаның болашақ жастарының атынан референдумның туралы өз ой білдірді. Менің ойымша, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.
Солардың бірегейлерін тілге тиек ете кетсек студенттердің сөздік қорымен шешендік қасиетін арттыратын дебат ойындары, жастарды шымырлыққа үйрететін спорттық іс шаралар ұйымдастырылған болатын. Шынында да жастық шақ жалындаған жас қауымның жүрегінде туындаған талай идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тамаша кезең. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»,- деп маңызды ойлар айта кетті.
Жиын соңында, ҚарИУ-дың ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич бұл ауқымды іске студентер мен бірге атсалысатынын білдіріп, университет үшін алдағы уақытта ауқымды жұмыстар атқарылатынын айта кетті.
Просмотров: 1 575