УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШЫ!!!
[Дата публикации: 18.05.2022, 12:01:54, жариялауды: Sergey Plotnikov]
УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШЫ!!!
12-13 мамырда аралығында Қарағанды индустриялық университетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттер құрамы “Химиялық технология және экология” кафедрасының оқытушысы С.Қ.Казжановна және Ғ.Ж.Мұстафаевнаның жетекшілігімен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша VIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. «Зияткер»-, деп аталатын КарИУ командасынан ТФП-19К-1 тобынан Н.Хаитова, Н.Байгазиева, А.Нышанбай, Ұ.Насырбаева, Г.Темір қатысты.
Олимпиаданы “С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” КЕАҚ ұйымдастырды. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде сұрақтарға жауап және есептер шығару тапсырмалары берілсе, екінші кезеңде ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жоба қорғалған. СҮТ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ЛЕВОМИЦЕТИНДІ ВОЛЬТАМПЕРМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ тақырыбында жоба жасаған студенттеріміз 2-ші орынға ие болды. Н.Хаитова – топтық жұмыс бойынша үздік лидер номинациясына ие болды.
Сонымен қатар, комиссия төрағасы осындай республикалық дәрежедегі сайысқа Теміртау қаласы атынан Индустриялық университеттің қатысқанына, және осы мамандық бойынша алғашқы түлектердің өз білімдерін сайыста жоғары дәрежеде көрсеткеніне жылы лебіздерін айтып, мақтап өтті. Алдағы уақытта біздің жеңімпаздар мақтау грамоталары мен дипломдарды табыстау іс-шарасына Алматыға аттанатын болады.
Просмотров: 834