Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарлама
[Дата публикации: 31.03.2022, 14:09:57, жариялауды: Sergey Plotnikov]
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдік студенттерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабарлайды.
2022 жылы бакалавриатта – 490, магистратурада – 50, докторантурада – 10 гранттық орын қарастырылған. Өтініштер 2022 жылдың 30 наурызынан 30 маусымына дейін қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша стипендиялық бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімін анықтады.
Ақпарат сайтта берілген https://enic- kazakhstan.kz/.
Просмотров: 1 476