“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Cтуденттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және азаматтық құқықты түсіндіру бойынша ашық сабақ

[Дата публикации: 09.03.2022, 11:09:22, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Парасаттылық мектебі мен “Саналы ұрпақ” студенттік клубының әдістемелік апталығы аясында Қарағанды индустриялық университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес “Sanaly urpaq” жобасы шеңберінде “Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының меңгерушісі М.С. Солтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен азаматтық құқықты түсіндіру бойынша 1,2 курс студенттерімен ашық сабақ өткізді, сондай-ақ аға оқытушы В. Г. Черкашинмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі заңдары бойынша сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың спикерлері “Саналы ұрпақ” студенттік клубының белсенділері студенттер: МиТНМ-19к Ибраева Амина, Ибраева Адина, МиТНМ-20к тобының студенті Табашев Алихан болды. Солтан М.С жетекшілігімен өткен  іс-шараның мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, әділеттілікке тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар туралы білім беру болды. Біздің және басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оны жою мүмкіндіктері бойынша талқылау жүргізілді.  Студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түрлі әдістерін ұсына отырып, қызу талқылады.


Просмотров: 1  620
09.03.2022, 11:09:22, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар