“Металлургия және материалтану” кафедрасында “Материалтануды термиялық өңдеу” пәнінен “Легірленген болаттар” тақырыбында студенттерге ашық сабақ ұйымдастырылды.
[Дата публикации: 04.03.2022, 13:46:23, жариялауды: Umit Khuangan]
ФМИМ әдістемелік апталығы аясында 23.02.2022ж МиМ кафедрасының аға оқытушысы Аменова Әлия Әлиханқызының “Легирленген болат қорытпалар”атты ашық сабағы өтті. Ашық сабаққа факультет деканы, ОПҚ, кафедра қызметкерлері қатысты.
Сабақ барысында А.Аменова студенттерге болаттарды таңбалауды түсіндіріп, үйретті. Әр түрлі болаттардың қасиеттері мен қолданылуы туралы негізгі түсінік берді. Тақырыпқа деген сүйіспеншілікті ояту, ұқыптылықты, дәлдікті, өз бетінше ойлау және мақсаттар мен міндеттер қою қабілеттерін тәрбиелеу-сабақтың негізгі мақсаттарының бірі болды.
Бұл сабақ адаптивті оқыту технологиясын қолдану арқылы өткізілді.
Просмотров: 1 390