“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Химиялық технология және экология» кафедрасында кураторлық сағат өтті

[Дата публикации: 28.02.2022, 11:27:56, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 Металлургия және машина жасау факультетінің «Химиялық технология және экология» кафедрасында кураторлық сағат өтті.

Кафедра оқытушысы – Жұманазарова Ғазиза Мұстафаевна әдістемелік апта аясына орай ТФП-19К-1 тобымен пікірсайыс түрінде кураторлық сағат өткізді.

Пікірсайыста «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, соның ішінде антибиотиктер, психотропты дәрілер, витаминдер» тақырыбын толықтай ашып бере алды дейді кеш қонақтары. Кураторлық сағатта психотропты дәрілер, оларды ұтымды пайдалану жолдары қызу талқыға алынса, антибиотиктер тақырыбына презентация қорғалды, ал витаминдердің адам өміріндегі маңыздылығы, оларды ұтымды пайдалану тақырыбын эксперимент жасау арқылы көрсетіп берген топ студенттерінің ерекше өнері назардан тыс қалған жоқ.

 Кураторлық сағатқа қатысқан ұстаздар студенттердің білімін өте жоғары деңгейде бағалап, болашақта білікті маман болатындарына сенім білдірді.


Просмотров: 535
28.02.2022, 11:27:56, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар