“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

“ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСЫ – ӨНЕРКӘСІПТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ”

[Дата публикации: 16.02.2022, 15:06:54, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 

 


Қарағанды индустриялық университетінде “Металлургия” оқу және ғылыми-зерттеу орталығының базасында “Tau-Ken Temir “ЖШС және “Silicon mining” ЖШС кәсіпорындарымен бірлесіп техникалық кремнийді балқыту кезінде пайда болатын микрокремнеземнің техногендік қалдықтарын кәдеге жарату мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.

Оқу ордамыздағы “Металлургия” оқу және ғылыми-зерттеу орталығы оқу процесінің өндірістік алаңы болып табылады.
Бұл:
– бакалавриат студенттентерге жаңа қорытпалар мен лигатураларды алуға зертханалық сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді.
– Ал магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу және диссертациялық жұмыстарды орындай алады, сондай-ақ жас ғалымдар ғылыми жобаларды орындай алады.

Айта кететіні, студенттеріміз Қарағанды өңірінің өндірістерімен бірлесіп шаруашылық келісімшарт жұмыстарын орындай алады.

 

 


Просмотров: 818
16.02.2022, 15:06:54, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар