“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН

[Дата публикации: 09.02.2022, 16:29:36, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Жүлделі орын”

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – менің Отаным» атты VII Республикалық студенттік ғылыми- тәжірибелік конференциясында Қарағанды 

индустриялық университетінің 1 курс студенті Тілеубек Арайлым III орын иеленді.
Арайлым 450 студенттің арасынан жүлделі орынға ие болды. Республикалық конференцияның қазылар алқасының мүшелері студентіміздің жоғары әлеуетін атап өтті. Жас студенттің ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының магистрі Мағира Солтанқызы Солтан.
Арайлым жастығына қарамастан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Ол бірнеше рет қалалық және университеттік конференциялар мен форумдарда баяндама жасады. Арайлым университет пен қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады, университетіміздің студенттік парламентін басқарады. Арайлымды жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!

 


Просмотров: 952
09.02.2022, 16:29:36, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар