“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

“Студенттеріміз Польшаның ең үздік технологиялық университетінде білім алып келді”

[Дата публикации: 16.02.2022, 14:59:15, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 

Студент жастарымыздың жан-жақты білім алуы үшін мемлекеттік деңгейде қолдау жүзеге асып келеді. Соның бірі – жоғары оқу орындарының білімгерлеріне 1 академиялық кезеңде шетелде білім жетілдіруге мүмкіндік берілген. Қарағанды индустриялық университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде 4 ай білім алып келді. Бағдарламаға студенттер конкурстық негізде қабылданып, 7 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бөлінген бюджеттік қаражат есебінен Ченстохов политехникалық университетінде (Польша Республикасы) білім алды.

Студенттеріміз шет елде білім алу үшін арнайы іріктеуден өткен. Іріктеу нәтижесінде академиялық оралымдылық шеңберінде білім алуға жіберуге мына студенттеріміз лайықты деп танылды: Батырбеков Рахат Сұлтанұлы, Жалгасбаев Нурислам Нурдуллаулы, Камаладинов Багдат Уринбосарович, Мамаев Бақдәулет Қайыржанұлы, Мухтаров Айбек Темирханович, Сарсенов Бексултан Жарболулы, Хайтметова Мукаддас Ункасовна.

Оқу ордамыздың студенттері өз оқуларының өте қызықты әрі пайдалы екендігін жеткізді. Және алдағы уақытта Европа елінен алған білімдерімен бөлісіп, өз тәжербиелерінде пайдаланады.

 

 


Просмотров: 955
16.02.2022, 14:59:15, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар