Шахмардан Есенов атындағы грант байқауы!
[Дата публикации: 28.02.2022, 12:08:02, жариялауды: Umit Khuangan]
«ÓRLEÝ» (Өрлеу) бағдарламасы
Академик Шахмардан Есенова атын. ғылыми білім беру қоры жоғары (бакалавриат) оқу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге де грантқа ие бола алмаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге 10 грант байқауын жариялайды.
Жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша мамандықтар алу үшін қазақстандық жоғары оқу орнында оқуды жоспарлап отырған мектептің/балалар үйінің/жасөспірімдер үйінің/колледждің түлегі бағдарлама қатысушысы бола алады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар жастардан да өтініштер қабылданады.
“ÓRLEÝ” (Өрлеу) бағдарламасының байқауына қатысу үшін 2022 жылғы 25 сәуір мен 20 шілде аралығында Қордың yessenovfoundation.org сайты арқылы онлайн өтінім беру қажет.
* Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 20 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де (GMT + 6). аяқталады.
Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі керек:
Грант ізденушінің ата-анасы және (немесе) заңды өкілі үшін міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
- грант ізденушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері:
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- зейнетақы туралы анықтама: жасына байланысты, мүгедектігі бойынша (бар болса);
- жәрдемақы туралы анықтама: асыраушысынан айырылу бойынша, көп балалы болу бойынша, бала күтімі бойынша, жұмыссыздық бойынша, АӘК және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де негіздер бойынша (болған жағдайда);
- кәсіпкерлік объектісінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- өтінім берілген күнге зейнетақы аударымдары туралы грант ізденушінің заңды өкілінен және (немесе) ата-анасынан үзінді көшірме;
- тұрғын үйдің, автомобильдің, қосалқы шаруашылықтың, т.б. болуы/болмауы туралы ақпарат.
Грантқа үміткер үшін міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
- келесілерден тұратын мотивациялық хат:
- өзі және отбасы туралы; қызығушылықтары мен әуестігі, өзінің жетістіктері туралы ақпарат;
- оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;
- неліктен білім алу үшін осы мамандықты таңдадым;
- таяудағы 10 жылға арналған жоспарлар туралы.
- Орта мектепті бітіргені туралы Аттестат/колледж дипломы («жақсы және өте жақсы» дегеннен төмен бағасы бар ізденушілердің өтінімдері қаралмайды), ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат (ЖОО-ға түсу үшін);
- Мүгедектігі бойынша анықтама (болған жағдайда);
- балалар үйі немесе Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушісінің анықтамасы.
Қосымша құжаттар:
- академиялық жетістіктері үшін грамоталар мен дипломдар – 2 данадан көп емес*;
- 2021-2022 жж. фото:
- грантқа үміткердің (паспорт фотосы емес) – 1 дана.
- отбасының, барлық отбасы мүшелері немесе олардың көпшілігі бар (2019 жылдан кеш емес) – 2 дана.
- Қажет болған жағдайда Қор қосымша құжаттарды талап ету құқығын өзіне қалдырады.
*Қор сертификаттардың, хаттардың және дипломдардың шектеулі санын қарастырады. Грантқа үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.
Просмотров: 1 054