“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

[Дата публикации: 15.12.2021, 17:10:16, жариялауды: Umit Khuangan]

 

2021 жылғы 15 желтоқсанда Қарағанды индустриялық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

ҚарИУ ректоры Б.С.Әбдірәсілов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және ұлтаралық келісім барлық қазақстандықтар үшін басты құндылық және байлық болып қала беретінін атап өтті.

Одан кейін университеттің дамуына үлес қосқан оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, жоғары білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Базаров Бауыржан Ануарханұлы марапатталды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Алтын медальмен энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы, «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Базаров Бауыржан Ануарханұлы, техника-экономикалық колледжінің директоры Хамитов Сапар Бағдатұлы марапатталды.

Жоғары білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі Ноғаев Қайырош Әбілұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының доценті Романов Виктор Иванович марапатталды.

«ҚарИУ-ға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен біздің университеттің профессор-оқытушылар құрамының 27 өкілі және қызметкерлері марапатталды, ҚарИУ ректорының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен 17 адам марапатталды.

Марапатталған оқытушылар мен қызметкерлердің құрметіне танымал әншілер Жанна Хасенова мен Мұқағали Нұрмаханов тамаша әндерді орындады.

 

 

                     

 


Просмотров: 1  303
15.12.2021, 17:10:16, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар