«Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ КАРТАСЫ» жобалар конкурсын ұйымдастырды
[Дата публикации: 09.12.2021, 18:19:42, жариялауды: Umit Khuangan]
Қалалық «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ КАРТАСЫ»
жобалар конкурсында университетіміздің студенттері Ибраева Амина мен Адина жеңіске жетіп, жеңімпаз дипломдары мен қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды!
Жоба шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың құқықтық аспектілерін, қоғамның сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша қоғамдық пікірді қарау көзделеді. Жоба сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыстың экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси жағынан қарауға бағытталған.
Байқау міндеттері:
• Қазақстандағы мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы мәселелер бойынша негізгі аспектілермен таныстыру;
• азаматтық жауапкершілікті, адалдық пен беделдің сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезінуді тәрбиелеу.
• құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға мынандай талаптар қойылған болатын:
Қатысушыларға облыстар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік картасы бейнеленген плакат дайындап, карта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы саны мен ақпаратты көрсетіп, құқық бұзушылықтың сипаты – өкілеттікті асыра пайдалану, парақорлық, ұрлау және т.б. туралы ақпараттық анықтама дайындау қажет болған.
Ақпаратты жинау үшін қатысушылар ашық дереккөздерді пайдаланды (газеттер, журналдар, орталық және жергілікті хабар тарату теле-хабарлары, оқу әдебиеті және оқушылардың, достардың және мұғалімдердің өмірлік тәжірибесі).
Просмотров: 1 000